Қасиетті мереке қастерленді

«Айт» сөзі – «мерекелеу», «хал сұрасу», «бір-бірін қуанту», «қуанышқа топталу» деген мағыналарды білдіреді екен. Ораза айт күндері әрбір мұсылманның шаңырағында бауырсақ пісіріліп, ет асылып, мерекелік мол дастарқан жайылады. Үлкендер жеті шелпек нанға құран оқиды. Туған-туысқандар, көрші-қолаң бір-біріне қонаққа барып, Айт мерекесімен құттықтайды, сыйлық береді.
Бала күннен көріп өскен картинамыз осы. Өзгеше болуы мүмкін еместей көрінеді. Иә, ренжісіп қалған ағайын-туыс, жора-жолдас бір-бірінен кешірім сұрап, өкпе-назын ұмытады. Сондай-ақ, 30-күн бойы таң атысынан, кеш батысына дейін ораза ұстап, аузын бекіткен жандар үшін де өз ережесі бар айт мерекесінің. Ораза айттың таңында сәресі ішілмейді, күндіз ауыз ашық болады. Ораза айт дастарқан жайып, дәмнен ауыз тиетін күн болғандықтан, сол күні ауыз бекітуге тыйым салынған екен. Мерекенің бет-бейнесіне тоқталуымыздың да өзіндік себебі бар. Күні кеше ғана 30 күн оразасын ұстап, Ораза айт мерекесінде дүбірлі той жасаған Ақын Саралықтар туралы айтпақпыз. Мерекені ауыл жұрты Ақын Сара ауылының орталық мешітінде тойлады. Жиналған жұрттың қарасы жылдағыдан көп болды. Игі істің басы да ерекше басталды. 10 отбасыға зекет малы (қой, ешкі) таратылып, 6 балаға Ораза айт қоржыны табыс етілді. Жақсылықпен басталған жиын концерттік бағдарламаға ұласты. Ән де айтылды, би де биленді. Ауыл балаларының өнері мен талабы бір-бірінен асып-ақ тұр. Айтқа келген 200-дей балаға тәтті шоколад таратылды. Бәрін айт та бірін айт. Шараға келген балалар арасында спорттық жарыс өтті. Үздіктерге ақшалай сыйлық табыс етілді. Арқан тартыс сайысы, ерлер арасында 1-орынды Тілендиев көшесінің ер-азаматтары иемденді, жүлдеге серке берілді. 2-орынды мұғалімдер алды, жүлдеге ақшалай 10000тг берілді. 3-орынды Таңбала көшесінің тұрғындары иемденді, ақшалай 5000тг берілді. Келесі жүлделер мынадай:
Арқан тартыс сайысы әйелдер арасында:
1-орын: Мұғалімдер-жүлдеге Серке;
2-орын: Молдағұлова көшесі – жүлдеге 10000тг;
3-орын: Оқушылар- жүлдеге 5000тг.

Қол күрес ерлер арасында:
1-орын: Әділет Сағатбек – серке;
2-орын: Назар Дәуіт — 10000тг;
3-орын: Ерасыл Сатыбалдиев — 5000тг.

Қол күрес әйелдер арасында:
1-орын: Жазира Арымбаева –серке;
2-орын: Айдана Илияс -10000тг;
3-орын: Айгүл Апай- 5000тг.

Қошқар көтеру:
1 — орын: Рахымбаев Асқар- Қошқар;
2-орын: Мұрат Бекеш -10000тг;
3-орын: Нұрболат Бақытжан -5000тг.

Серке көтеру (оқушылар арасында):
1-орын: Ғани Сағымханов — серке

Еркін күрес (үлкендер):
1-орын: Асқар Рахымбаев –Серке;
2-орын: Ербол Жакупбеков — 10000тг;
3-орын: Ерасыл Сатыбалдиев — 5000тг.
Еркін күрес (5-8 сынып):
1-орын: Мерей Мұхтарұлы -10000тг;
2-орын: Еркебұлан Махатұлы — 7000тг;
3-орын: Нариман Тұрсынбай — 5000тг;
Қонақ балаларға 5000 нан 2 балаға 10000тг берілді.

Еркін күрес (1-4 сынып):
1-орын: Муслим Мусхапұлы -10000тг;
2-орын: Алғысбек Ықылас — 7000тг;
3-орын: Батырхан Талғар -5000тг.

Батпан көтеру:
1-орын: Сағатбек Әділет –Серке;
2-орын: Отан Мусхап -10000тг;
3-орын: Кәкен аға — 5000тг.

Ауыл балалары арасында тай жарысы өтті:
1-орын: Алмас Оразбеков — 15000тг;
2-орын: Ерсін Қаданбек — 10000тг;
3-орын: Ердаулет Ерасыл -7000тг;
4-орын: Әділхан Сейілжан -5000тг.
Іс-шараны аудандық спорт бөлімі ұйымдастырған. Ал спортшыларға сый-сияпат беруге демеушілік көрсеткен ауыл имамы Қуат Тұрысбаев.

Арай Нұржанқызы