Дарынды шәкірт жетістігі

Ескелді ауданы, Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Сабыр Дильназ — қазақ тілі мен әдебиет пәнінен жалпы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпазы атанып, өткен аптада өткізілген республикалық кезеңіне қатысып, жүлделі III орынды иеленді. Жетекшісі: Сагимбаева Култай Кастеевна.
Дарынды оқушымыз бен жетекшісін шын жүректен құттықтап, жаңа жетістіктерге жете берулеріне тілектеспіз!

Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі