БАЛАБАҚШАНЫҢ ЖАС ТАЛАНТЫ

Дарина Ықылас – «Қарлығаш» балабақшасының бүлдіршіні. Жастайынан өнер мен білімге ұмтылған Дарина өз дарынымен көпшілікті тәнті етіп жүр. Кішкентай бүлдіршін ауылдық, аудандық және облыстық жарыстарға қатысып, өнерін ортаға салып, көпшіліктің қошеметіне бөленуде. Дарина Ықылас «Жаңа ғасыр таланттары» атты республикалық байқаудан 1-ші орынды иеленіп, ауданымыздың намысын қорғады. Ал «Дала сазы» атты республикалық байқаудан диплом алып, медаль иегері атанды.

Даринаның толайым жетістіктерге жетіп, көпшіліктің ілти-патына бөленуіне оның музыкалық жетекшісі Гүлжахан Абуева көп еңбек сіңірді. Музыка жетекшісі жас әрі дарынды Даринаны музыкаға баулып, өнерін шыңдауға жетелеген. Даринаға болашақта  өнері өрлей беріп, әлі талай белестерді бағындырып, тәрбиешілерінің, ата-анасының үмітін ақтай берсін деп тілеймін! Сонымен қатар дарынды қызға төмендегі өлең жолдарын арнаймын.

Балабақша жас таланты Дарина,

Өне бойы тұнып тұрған дарынға. 

Жарыстарда көрсетіп жүр өнерін,

Өсе берші, жана берші, жалында!

Тәрбиеші ұстаздарын  қуантып,

Ата-анасы үміттерін жүр артып.

Әлі талай додаларға қатысып,

Шын өнердің сайысында сыналсын.

Эльвира Жунуспаева,

балабақшаның кәсіподақ төрайымы.