Ескелді ауданының әкімі Р.Алидің аудан тұрғындарымен өткізетін кездесудегі есепті баяндамасы

Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2016 жылғы 5-ақпандағы «Орталық атқарушы орган басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №190 Жарлығына сәйкес, өткен жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алда тұрған міндеттерді орындаймыз.
2021 жылы аудандық жергілікті атқарушы органдардың жұмысы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеп берген «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын іске асыру бойынша жүргізілді.
Ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуында тұрақты серпін сақталып, барлық көрсеткіш жоспарға сәйкес орындалды.
2021 жылдың қорытындысы бойынша салық түсімдері — 2 млрд. 433 млн. 514,5 мың теңге болып, жоспар – 108,4% -ға орындалды.
Оның ішінде: жергілікті бюджет — 2 млрд. 195 млн. теңге (108,5%), республикалық бюджет – 432 млн. 320 мың (104,3 %) теңгені құрады.
2021 жылдың 12 айында бюджет шығындары 8 млрд. 654 млн. 788 мың теңгені құрап, 96,3 %-ға орындалды. (12 айдың болжамы –
8 млрд. 991 млн. 922 мың теңге).
2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі – 41 млрд. 271,3 млн. теңгені құрап, нақты көлем көрсеткіші – 101%-ды болды. Бұл көрсеткіш 2020 жылдың 12 айы – 37 млрд. 898,4 млн. теңгені құраған еді. Оның ішінде мал шаруашылығынан 16 млрд. 514,7 млн. теңгенің, өсімдік шаруашылығынан 24 млрд. 756,6 млн. теңгенің өнімі алынды.
2021 жылы аудан көлемінде 52 828 гектарға ауылшаруашылық дақылдары егілді. Оның ішінде масақты дәнді дақылдар 28 715,4 гектарға, майлы дақылдар 10 377 гектарға, картоп 2 348 гектарға, көкөніс 1 025 гектарға, бақша 25 гектарға себілді.
Өткен жылы масақты дәнді дақылдарды жинау жұмыстары бойынша 28,7 мың гектар (100%) алқаптан 62 мың тонна өнім жиналып, орташа гектар өнімділігі 21,1 центнерді құрады.
Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін 48 мың тонна картоп (100%), 26,3 мың тонна көкөніс (100%), 0,9 мың тонна бақша дақылдары (100%), 25,9 мың тонна майбұршақ (100%) жиналды.
Қант қызылшасы жинап-өткізу бойынша шаруашылықтарға барлық мүмкіндік жасалды. Нәтижесінде аудан көлеміндегі 3285 гектардан 116 мың тонна тәтті түбір жиналды. Аудан шаруалары егістіктік әр гектарынан 352,3 центнерден өнім алды.
Сондай ақ, 2021 жылы Көксу-Аксу қант зауыты 78,8 мың тонна қант қызылшасын қабылдады. Атаулы зауыттар қабылдаған өнімнің 55 пайызын Ескелді ауданының диқандары өткізді.
Мал шаруашылығы бойынша, өткен жылы барлығы 12417 тонна мал және құс еті өндірілді. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңінен 101,8 %-ға артық. Сондай-ақ, 34313 тонна сүт сауылып (102,0%), әр сиырдан сауылған сүт орташа 2746 литрден айналды, 7,6 млн. дана жұмыртқа өндірілген (100,3 %).
Аудан бойынша 2021 жылдың 12 айында мал басының барлық түрінен өсім сақталған. Мәселен, бүгінде аудан аумағында 42483 бас ірі қара, 136 915 бас қой мен ешкі, 13 632 бас жылқы, 1 820 бас шошқа, 113 бас түйе және 57 577 құс бар.
2021 жылы ауданға жалпы сомасы 1 млрд. 553,4 млн. теңгеге 96 жаңа ауылшаруашылық техникалары алынды.
2021 жылдың 12 айында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 5 млрд. 938,6 млн. теңгені құрады, нақты көлемінің индексі 112 пайызды құрады. (2020 жылдың 12 айы – 5 млрд. 451,4 млн. теңге).
Істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2882 бірлікті құрады. Бұл нысандарда жұмыспен қамтылғандар саны – 5630 адам. Өткен жылдың 12 айында шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке 812,3 млн. теңге түсті.
2021 жылдың 12 айында 11 млрд. 5,7 млн. теңге инвестиция тартылды, (2020 жылы 16 млрд. 290,1 млн. теңге), нақты көлем индексі 58,7 %, оның ішінде бюджеттен тыс қаражат есебінен 6 млрд. 917,1 млн. теңге, жалпы көлемдегі үлес 62,8 % құрайды.
Ауданда келесі инвестициялық жобалар іске асырылуда:
1) «Сүт Мастер-М» ЖШС — Гольштейн тұқымды 600 бас ІҚМ арналған тауарлы-сүт фермасының құрылысы (құны 1000 млн.теңге, қуаттылығы — жылына 1,8 млн. литр, 28 жаңа жұмыс орны). Германиядан Гольштейн тұқымды 100 бас ІҚМ жеткізуге шарт жасалды (алдын ала төлем жүргізілді). Германиядан мал жеткізу күтілуде. Құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
2) «Дүйсенбинов» ШҚ «бордақылау алаңының құрылысы». Жобаның жалпы құны — 50 млн. теңге. Бүгінде нысан пайдалануға беріліп, 5 жаңа жұмыс орны ашылды. Қазіргі таңда 125 бас ірі қара мал, 800 бас ұсақ мүйізді мал бордақылау алаңына кіргізілді.
3) «Витязь» ШҚ — тауарлы-сүт фермасының құрылысы (құны 300 млн. теңге, қуаттылығы — жылына 1000 тонна/сүт, 5 жаңа жұмыс орны, 200 бас ірі қара мал).
4) Чажа өзеніндегі «АСПМК-519» ЖШС — электр энергиясын өндіру жобасы (құны 13 млн. теңге, қуаты — 25,8 МВт, 25 жаңа жұмыс орны). Құрылыс жұмыстары аяқталды. ГЭС жабдықтарын іске қосу-баптау, кешенді сынау жұмыстары жүргізілуде.
5) Қора өзеніндегі ГЭС Қора-3 су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі жобасы. Оның құны 9 млрд. теңге. Қуаттылығы — 29 МВт электр энергиясын өндіру. Жоба толықтай жүзеге асқанда 21 жаңа жұмыс орны ашылады. Бүгінде 7,13 гектар жер учаскесі рәсімделді. Жобалық құжаттама (ТЭН) әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Пайдалануға беру 2023 жылға жоспарланған.
6) «Лито Микс» ЖШС — Микро-кальцит пен мәрмәр ұнын салу, қоймалауды ұйымдастыру және сақтау жобасы. Аталмыш жобаның құны 106 млн. теңге. Қуаттылығы — жылына 1 000 тонна микро кальцит, 2 400 тонна мәрмәр ұнын шығару.Нәтижесінде 10 жаңа жұмыс орны ашылады.
2021 жылдың 12 айында құрылыс жұмыстарының көлемі 8 млрд. 181,2 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 50 %.
Инфрақұрылым. Қарабұлақ ауылында 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы сомасы – 869,6 млн. теңге. Жұмыстар жүргізілуде;
Инженерлік-коммуникациялық желілерді және Қарабұлақ ауылындағы 60 пәтерлі тұрғын үйге абаттандыру үшін 255,8 млн. теңге бөлінді. Жұмыстар жүргізілуде. Жоба өтпелі;
Қарабұлақ ауылындағы 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысына ЖСҚ әзірлеу үшін 14,4 млн. теңге бөлінді. Сараптама қорытындысы әзірленді;
Инженерлік-коммуникациялық желілерді салуға ЖСҚ әзірлеу және Қарабұлақ ауылындағы 60 пәтерлі тұрғын үйге абаттандыру жүргізу үшін 6,1 млн. теңге бөлінді. Сараптама қорытындысы әзірленді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. Қарабұлақ ауылына сумен жабдықтау жүйесін қайта құру және салу үшін 1 млрд. 105 млн. теңге бөлінді. Жұмыстар жүргізілуде. Жоба өтпелі;
Ақтұма ауылына сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту және салу үшін 199 млн. теңге бөлінді. Жұмыстар жүргізілуде. Жоба өтпелі;
Ақешкі ауылындағы сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы және қайта жаңарту үшін 290 млн.теңге бөлінді. Жұмыстар жүргізілуде. Жоба өтпелі;
Ақтасты ауылына сумен жабдықтау жүйесін қайта құру және салуға 5,8 млн. теңгеге жобалық сметалық жоба әзірленуде;
Қарабұлақ ауылына кәріз желілерін қайта құру және салуға 18,3 млн. теңгеге ЖСҚ әзірленуде;
Қарабұлақ ауылындағы саябақты абаттандыру үшін 300 млн. теңге бөлінді. Жоба өтпелі;
Қарабұлақ ауылының 12 көшесіне жарықтандыру орнату және ескірген шамдарды ауыстыру үшін 132 млн. теңге бөлініп, жұмыстар аяқталды;
Жаңалық ауылында сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңартуға және салуға жобалау-сметалық құжаттарына әзірлеу үшін 5 млн. теңге бөлінді.
Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жұмысын қамтамасыз ету бойынша. Бақтыбай ауылындағы Тәуке хан көшесінің күрделі жөндеуіне — 43,8 млн. теңге бөлінді. Жұмыстар аяқталды.
2021 жылы аудан көлемінде 241,6 млн. теңгеге көшелерге орташа жөндеу жүргізілді. Мәселен, Қарабұлақ ауылында 8 көшеге (8 март, Дулатов, Королева, Набережная, Некрасов, Резников, Сычевский, Тоқтаров көшелері), Алдабергенов ауылында 2 көшеге (Баисов, Абай көшелері), Ақтасты ауылында 1 көшеге (Тоқаев көшесі), Жетісу ауылында 1 көшеге (Даиров көшесі), Абай ауылында 1 көшеге (Темірғали көшесі), Ақын Сара ауылында 1 көшеге (Біржан Сал көшесі), Жастар ауылында 1 көшеге (Нұрланов көшеге) жөндеу жүрігізілді. Аталмыш жұмыстар бүгінде толық аяқталды.
Аудан көшелерін ағымдағы жөндеу (шұңқырларды жөндеу) — 54,7 млн. теңге бөлінген. Жұмыстар аяқталды.
2022 жылы жолдарды қысқы күту жұмыстарына 46 млн. теңге бөлінді.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 6 ауылдық округте жалпы сомасы 37,5 млн. теңгеге Алдабергенов ауылында шағын футбол алаңы жасалды. Көкжазық ауылында балалар және Жалғызағаш ауылында спорт алаңдарын жайластыру, Ақын Сара, Екпінді ауылдарындағы аялдаманы ағымдағы жөндеу, Қарабұлақ ауылында көп пәтерлі тұрғын үйдің ауласын абаттандыру, Набережная көшесі мен Оразбеков көшесі арасындағы жаяу жүргіншілер көпірін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2022 жылы осы бағдарламаны жүзеге асыруға ауданның ауылдық округтеріне 39,2 млн. теңге бөлінді.
«Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында ауданда 2 өтпелі жоба іске асырылды:
М.Байысов ауылындағы Рус-
тембеков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен күрделі жөндеу жұмыстарына 606 млн. теңге бөлініп, жұмыстары аяқталды;
Қарабұлақ ауылындағы Алдабергенов көшесіне күрделі жөндеу жүргізу жұмыстарына 475 млн. теңге бөлініп, жұмыстары аяқталды;
Газдандыру. Аудан бойынша барлығы 45,2 мың халқы бар 33 елді мекен, оның ішінде 20 елді мекен газдандыруға жатады.
Қарабұлақ ауылындағы газ құбырының ұзындығы 160 шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта 649 абоненттен өтініш келіп түсті. Оның ішінде газға қосылғандар 535 абонент құрайды. Бақтыбай ауылына — 1,1 млрд. теңге, Алдабергенов ауылына – 877 млн. теңге, Өрқұсақ ауылы 80,2 млн. теңге бөлінді. Жұмыстары жүргізілуде.
Көкжазық (956 530 мың теңге) ауылының жобалық-сметалық құжаттамасы, Теректі (656 283 мың теңге), М.Байысов (430 257,0 мың теңге), Қаратал (883 036 мың теңге) және Екпенді ауылдарының мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамалар бар. Шымыр (25618 мың теңге), Жетісу (22 256 мың теңге), Жас-тар (12866 мың теңге), Жаңалық (12304 мың теңге), Абай (17167 мың теңге), Өтенай (9954 мың теңге), Ешкөлмес (27 283 мың теңге) ауылдарының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылы М.Байысова (430 257 мың теңге), Теректі (656 283 мың теңге), Екпінді (25618 мың теңге) ауылдарында құрылыс жоспарлануда.
Білім саласы. Ауданымызда күндізгі жалпы білім беретін 30 мектеп жұмыс істейді. Оның 19-ы орта, 6-ы негізгі, 5-і бастауыш. Мектепке дейінгі мекемелер бойынша 12 балабақша (оның ішінде: 9 мемлекеттік және 3 жекеменшік) және 20 мектепке дейінгі шағын орталық бар.
3 орта мектепке, 1 балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 63 млн. теңге сомасына жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Оның ішінде:
С.Сейфуллин атындағы орта мектебіне 23,5 млн. теңге, Қарабұлақ орта мектебіне 16,1 млн. теңге, Қоңыр орта мектебіне 13,9 млн. теңге, Байысов ауылындағы балабақшаға 9,5 млн. теңге бөлінді.
Денсаулық сақтау. Бүгінде ауданда жалпы 30 медициналық мекеме жұмыс істейді. Оның ішінде: 1 аудандық орталық аурухана, 11 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік амбулаториялық пункті және 14 медициналық пункті халыққа қызмет көрсетеді.
Алдабергенов дәрігерлік амбулатория ғимаратының құрылысына жобалық-сметалық құжаттар әзірлеу үшін 18 млн. теңге бөлінді.
3 дәрігерлік амбулатория ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарына 15,6 млн. теңге сомасына жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Оның ішінде: Жетісу ауылына — 8,6 млн. теңге, Қаратал ауылына — 5 млн. теңге, Елтай ауылына — 2 млн. теңге бөлінді.
Әлеуметтік сала. 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жалпы сомасы 280 млн. 436 мың теңгеге 544 отбасы, 2918 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту» бағдарламасы шеңберінде барлық үш бағыт бойынша жоспарлы көрсеткіштер орындалды. 2021 жылы ауданда 2119 жаңа жұмыс орны ашылды.
Қысқа мерзімді курстарға 135 адам 9 мамандық пен кәсіп бойынша дайындық курстарына жіберілді. Бүгінде 131 адам оқуын бітіріп, оның ішінде 121 адам тұрақты жұмысқа орналас-ты.
Әлеуметтік жұмыс орнына 51 адам, жастар тәжірибесіне 43 адам және қоғамдық жұмыс орындарына 699 адам жіберілді.
Мәдениет саласы. Ауданда 13 мәдениет үйі мен клуб, 15 кітапхана, 1 мұражай, барлығы 29 мәдениет мекемесі тұрақты түрде жұмыс істейді.
Бақтыбай ауылының мәдениет үйін күрделі жөндеу үшін 764,2 млн. теңге бөлінген. Жұмыстары жүргізілуде.
Ескелді ауданында дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін 118 бірлік спорттық құрылым бар. Оның ішінде: 33 спорт залы, 1 стадион, 2 спорттық-сауықтыру комплексі (атап айтсақ балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және спорттық сауықтыру кешені), 1 бассейн, 13 ату тиры, 61 спорттық алаң, 5 жапсарлас спорттық залы, 1 шаңғы демалыс орны (Тау Жетісу), 1 спорттық ядро бар. Ескелді ауданында спортпен жүйелі түрде 13743 адам шұғылданады, бұл дене шынықтыру және спортпен айналысатын аудан халқының 30,3 % құрайды.

Ескелді ауданы бойынша
коронавирус жұқпасының үшінші толқынына дайындық туралы
Дәрі дәрмектер мен антибиотиктердің үш айлық қоры дайындалған. Ауруханада тәулік бойы істейтін оттегі станциясы іске қосылып, барлығы 51 оттегі нүктесі қосылған.
Аудандық ауруханада 11 жасанды өкпені желдету (ИВЛ) аппараты, 39 оттектік концентраты, 1 рентген және 1 жылжымалы рентген аппараты, 145 пульсоксиметр мен 60 Бобров аппараты (оттегі ылғалдандырғыш) қолданысқа дайын тұр.
Ішкі істер органдарында тұрғындар қауіпсіздігін сақтау бойынша 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 259 қылмыс тіркелген. Өткен жылмен салыстырғанда қылмыстылық 29 %- ға азайып отыр (2020 ж. қаңтар-желтоқсан айларында тіркелген қылмыс – 364).
Құрметті аудан тұрғындары!
Өткен жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арналған «халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жариялады.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында еліміздің әлеуметтік — экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне баса назар аударды. Бұл міндеттердің барлығы бүгінгі күннің ең маңызды мәселелерінің шешімі.
Бәріміз Жолдаудағы аталған тапсырмаларды орындауға бірігіп күш салудамыз. Алдағы уақытта аудан көлемінде жоспарлы түрде атқарылатын істер ауқымды. Мемлекет басшысының саясатын жүзеге асыру мақсатында, мемлекеттік және аумақтық бағдарламаларды мерзімінде, әрі сапалы орындауға және де Ескелді ауданы тұрғындарының әлеуметтік-мәселелелерін шешуге барлық мүмкіндіктерді толық пайдаланатын боламыз.
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!