Алматы облысында 70 мыңнан астам жасөспірім вакцина алды

Алматы облысында 12 жастан бастап тұрғындарды короновирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жалғасуда. Ағымдағы жылдың 8 ақпандағы жағдайы бойынша облыста бірінші компонентпен 1 040 007 адам егілді, оның ішінде 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер – 70 116, жүкті әйелдер – 3541 және лактация кезеңіндегі әйелдер – 12 162. Сондай-ақ, 171 360 адам ревакцинация курсынан өтті.
Облыста коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жүргізуге 318 егу кабинеті енгізілді, 76 жылжымалы пункт жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта облыста»Пфайзер» компаниясының «Комирнати», «Sinopharm Vero Cell», «Qaz Covid-in», «Гам-КОВИД-ВАК («Спутник V») қолданылуда.
Вакцинацияға рұқсат алу үшін өзіңіздің учаскелік дәрігеріңізге, тіркелген жеріңіз бойынша жүгіну немесе порталда электрондық өтінімді жіберу арқылы алдын ала жазылу қажет eGov.kz немесе eGov mobile қосымшасында. Жасөспірімдерге вакцинация ата-анасының немесе заңды өкілдерінің ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі.
Вакцинация-пандемияны тоқтатудың жалғыз тиімді әдісі! Вакцинация — өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!