Алматы облысында апталық өсім 0,7% — дан 0,5% — ға дейін төмендеді, жұқтырудың тәуліктік көрсеткіші күніне 300-400 жағдай деңгейінде ұсталып тұр
Соңғы аптаны (20 қаңтардан 02 ақпанға дейін) алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 11,2% — ға (2981-ден 2537-ге дейін) төмендегені байқалады.
Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша Алматы облысы әлі де қызыл аймақта.
Соңғы тәулікте КВИ-дің 413 жағдайы тіркелді.
Жұқтыру қатарынан емханаға өзін-өзі жүгінген кезде 57,9%-ы, эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша бұрын анықталған науқастармен жақын қарым-қатынаста болғандар арасында 20,3%, алдын алу мақсатында 22,8%-ы анықталды.
Көбіне 50 жастан асқан адамдар жиі ауру жұтырып отыр, олар аурудың жалпы құрылымының 53,2%-ын құрап отыр, олардың көпшілігі коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алмаған. Белсенді еңбекке қабілетті жастағы адамдарға 24,7%, балалар мен жасөспірімдерге 22,1% келеді.
Сонымен қатар, Алматы облысында 1 025 717 адам вакцинаның бірінші компонентін алды. Оның 79% немесе 944 354 азамат 18 жастан асқандар. 81 363 азамат Комирнати вакцинасын алды. Вакцинаның екінші компонентін 909 392 тұрғын алып үлгерді.