Алматы облысында 60 мың жасөспірім вакцина алды

Облыста 12 жастан бастап тұрғындарды коронавирустық инфекциядан вакцинациялау жұмыстары жалғасуда. 31 Қаңтарда вакцинаның бірінші дозасын алғандар саны 934 920 адамға жетті, бұл 78% – ды құрайды, екінші компонентті-863 612 азамат немесе иммундауға жататын ересек халықтың 72% — ы алды.
Қазіргі уақытта облыс тұрғындары төрт вирусқа қарсы препараттан вакцинацияны таңдай алады, олар: Гам-КОВИД-ВАК (Спутник V), «QazCovid-in», «SinopharmVeroCell» және жасөспірімдерге, жүкті, бала емізетін әйелдерге, 60 жастан асқан адамдарға және медицина қызметкерлеріне арналған Comirnaty (Pfizer).
Сондай-ақ, облыста жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер арасында вакцинация жұмыстары жүргізілуде. Вакцинацияланған халық саны 75 854 адамды құрайды, оның ішінде 61 583 жасөспірім, 3301 жүкті әйел және лактация кезеңінде 10 970 әйел. Сонымен қатар, 143 593 адам ревакцинация курсынан өтті. Оның ішінде 138 630 адам «QazCovid-in», «SinopharmVeroCell», 4963 адам Comirnaty (Pfizer) алды.