Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы хабарлайды

Бас прокуратура Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, stopterrorism.kz. веб-сайтын іске қосты.
Бұл сайтта азаматтар ағымдағы жылы орын алған террорлық актілер мен жаппай тәртіпсіздіктер туралы бейне, фото және аудиожазбаларды анонимді түрде жүктей алады.
Қазіргі уақытта прокурорлар дәлелдемелерді жинау мен тіркеуді, сондай-ақ қылмыскерлерді бейнежазбалар бойынша сәйкестендіру жұмыстары жүргізуде.
Сондай-ақ, азаматтарға Call-center 115-те ұсынылған ақпарат үшін алғыс айтамыз.

Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы