Сертификаты жоқ тауар тасушылар айыппұл арқалады

«Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы 2021 жылғы 1 шілдеде күшіне енді, осыған сәйкес, Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау сынамалар алу мақсатында жоспардан тыс тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанында жүзеге асырылады. Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында өткен баспасөз-мәслихатында айтылды.
«Техникалық реттеу туралы» жаңа заңның белгілі бір жаңалықтары бар, атап айтқанда, бұл техникалық реттеу саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту; техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің қадағалануын қамтамасыз ету; импорттаушылардың «шартты шығару» рәсімі бойынша міндеттемелерді орындауын қадағалау тетігін пысықтайды.
Әлемдік практикаға сәйкес және интеграциялық бірлестік шеңберінде ЕАЭС әріптес елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып, техникалық реттеу жүйесі нарықты қауіпсіз емес, сапасыз өнімнен қорғаудың басты құралдарының бірі болып табылады. Бұл ретте барлық әкелінетін өнім межелі елдің қауіпсіздігі мен сапасының талаптарына сәйкес келуге және оның айналысқа шыққанға дейін қауіпсіздікті растайтын құжаттары болуға, яғни кедендік аумаққа әкелінген кезге дейін тексерілуге тиіс.
«Алматы облысының Мемлекеттік кірістер департаментімен ынтымақтастық нәтижелері бойынша, біздің Республикамыздың аумағына әкелу шарттарын бұза отырып, сапасыз, сертификатталмаған тауар әкелетін жеке және заңды тұлғалар туралы ақпараттарда бар. 2021 жылы сыртқы экономикалық қызметтің 11 қатысушысы жалпы сомасы, 1 378 282 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,- Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының м.а Бибігүл Омарова.
«Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңын іске асыру бойынша профилактикалық бақылау бармай-ақ 57 субъектіде жүргізілді, 10 субъектіде техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылықтар анықталды. Сондай-ақ, Алматы облысының прокуратурасымен бірлесіп 16 тексеру жүргізілді. Оның ішінде 16 жағдайда «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңының талаптарын бұзушылықтар анықталды.
Мамандар, бармай профилактикалық бақылау бір субъектіде жүргізілді, нәтижесі оң екендігін алға тартуда.
Айта кету керек, Алматы облысының мемлекеттік кірістер департаментінің деректері бойынша бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды өткізу қызметімен 80 субъект айналысады. 2021 жылы бармай профилактикалық бақылаумен 41 субъект қамтылды, бұл сатушылардың жалпы санының 51% — ын құрайды. Жұмыс жалғасуда.