Алматы облысында 834 мыңнан астам адам толық иммундау курсынан өтті

Алматы облысында коронавирустық инфекция жұқтырудың жаңа жағдайы тіркелді. Соңғы тәулікте өңірде 14 адам аталған кеселге шалдыққан. Сәйкесінше, аурудың өсу қарқыны-0,02% құрады.
Облыс өңірлері бөлінісінде КВИ аурушаңдығына келер болсақ: Алакөл-1, Балқаш-1, Еңбекшіқазақ-1, Жамбыл-2, Іле-2, Панфилов-1, Талғар-2, Талдықорған-2, Текелі-2.
Аймақта әлі күнге вирусқа қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні вакцинаның бірінші компонентін 926 616 адам алды. Оның ішінде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер — 29 076, жүкті әйелдер — 2273, бала емізетін әйелдер — 5374, 18 жастан бастап тұрғындар-889 893.
Иммундаудың толық курсынан 834 289 адам өтті, оның ішінде жасөспірімдер — 3803, жүкті әйелдер — 225, бала емізетін адамдар — 686, 18 жастан бастап тұрғындар-829 575. Сонымен қатар, 41 250 адам ревакцинация курсынан өтті.