«Елбасы- ел тірегі»

«Елбасы- ел тірегі» деген сөзді жиі айтамыз. Бүгінгі күннің басты жаңалығы Елбасымыздың » Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттарын ұсынуы осы сөздің тағы бір дәлелі болмақ. Қарап тұрсақ, Тәуелсіздігіміз отыз жылды еңсеріпті. Бұл тарихи уақыт, атаулы кезең. Отыз жылда ел тарихы біраз жаңашылдықтар мен экономикалық,саяси, әлеуметтік өзгерістерге толды. «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттардың орындалуын Елбасымыз тікелей жастарға сеніп тапсырып отыр. Ел ертеңі жастар болғандықтан, қағидаттарда сөз етілген Тәуелсіздігімізді сақтау, оны қорғау біздің ерен еңбек етуімізге байланысты. Бірлік пен татулықты сақтап, тарихымызды қастерлеп, жерімізді қорғап, отбасылық құндылықтарымызды арттырып, мәдениетімізді тереңнен танып, рухани жаһандануды арттырып, білім алып, бәсекеге қабілеттілігімізді өркендету-бізге қойылған мақсат деп білеміз. Жастар-еліміздің қозғаушы күші, сенім артар үміті. Тәуелсіз мемлекеттің тұғыры асқақ болсын десек, халқымызға пайдасын тигізер жас мамандар шығару керекпіз. Сол жастардың дамуына аянбай еңбек еңбек етіп, қолдау көрсету парыз. Елбасымен ұсынылған қағидаттар жастардың өз тарапынан белсенділігі мен қабілеттілігін көрсете білуге мүмкіндік беретін үлкен бастама. Жастарымызға қолдау көрсетсек, жастарымыз еліміздің дамуына ат салысса барлық ұсынылған «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттары 100% орындалары сөзсіз.