11 қарашада Талдықорған қаласына Коронавирусқа қарсы Комирнати вакцинасының (Pfizer) алғашқы партиясы жеткізілді, 46800 доза келді.
Жеткізілген дозалар халықты жаппай вакцинациялауды аяқтауға мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, бұл Қазақстанда тіркелген алтыншы вакцина. 15.11.2021 жылдан бастап Алматы облысының барлық аудандары мен қалаларында вакциналау үшін қолжетімді болады. Келіп түскен дозалар тек жүктіліктің 16-дан 37-аптасына дейінгі жүкті әйелдерді, бала емізетін аналарды, сондай-ақ 12-ден 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді вакцинациялауға арналады. Бұл вакцинаның жұмыс істеу үшін арнайы контингенті болғандықтан, біз Pfizer вакцинасы туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап беруді шештік.
1. Баланы вакцинациялау кезінде ата-ана қатыса ала ма? Келісім бар-жоғы қалай тексеріледі?
КВИ-ға қарсы егуді қоса алғанда, кез келген профилактикалық егу ата-аналардың вакцинацияға берген ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі.
Қалауы бойынша ата-аналар балаларын вакцинациялау кезінде емханада да, мектепте де қатыса алады.
2. Пфайзер вакцинасы қаншалықты қауіпсіз? Оның сертификаттары, жарияланымдары бар ма?
«Пфайзер» (АҚШ) компаниясы шығарған «Комирнати» вакцинасының Қазақстан Республикасында уақытша мемлекеттік тіркеуі бар.
«Комирнати» вакцинасы төтенше жағдайларда қолдану үшін ұсынылған ДДҰ тізіміне енгізілген.
3. Балада қандай асқынулар болуы мүмкін?
1) жиі (10% дейін): инъекция орнындағы ауырсыну, ісіну, шаршағыштық, бас және бұлшықет ауыруы, буын ауруы, қалтырау, диарея, қызба, инъекция орнындағы қызару, жүрек айну, құсу;
2) сирек (1% дейін): лимфа түйіндерінің ұлғаюы, дімкәстік, қолдың ауыруы, ұйқысыздық, инъекция орнындағы қышыну;
3) сирек (0,1% дейін): бөртпе, есекжем сияқты аллергиялық реакциялар;
4. Вакцинациядан кейін баланы қалай бақылайды?
Вакцина енгізілгеннен кейін алғашқы 30 минутта медициналық бақылау жүргізіледі.
Кейіннен, бақылау келесі 3 күн ішінде егілген жасөспірімдердің ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне қоңырау шалу арқылы жүргізіледі.