Үштөбелік спортшы джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды
Үштөбе қаласының спортшысы Жеңіс Нұрлыбаев джиу-джитсудан әлем чемпионатының алтынын жеңіп алды.
Жарыс 1-12 қараша аралығында Абу-Дабиде (БАӘ) өтті.
Жеңіс Нұрлыбаев 4-сыныптан бастап осы спорт түрімен айналысып, бірнеше рет Азия чемпионы атанды. Міне, биыл ол әлем чемпионы атағына ие болды.
— Әлемдік аренада өнер көрсету мен үшін үлкен мәртебе болды. Әрине, қарсыластар қарапайым болған жоқ, бірақ менің жеңіске деген ерік-жігерім және қазақстандықтардың қолдауы маған тұғырға көтерілуге көмектесті. Біздің еліміздің Әнұраны шырқалған кезде, ерекше сезімде болдым. Зор қуаныш,- деп атап өтті жас спортшы.
Айта кетейік, үздік атану үшін әлемнің 65 елінен келген спортшылар бақ сынасты.