NIS — Үндістанмен байланыста

Дүниежүзілік туризм күні қарсаңында Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Нойда қаласындағы «Бал Бхарати» үнді мектебінің оқушыларымен онлайн кездесу өткізді.
Кездесуді Зияткерлік мектептің кітапханашылары ұйымдастырды. Онлайн -шара барысында оқушылар өз елінің туристік әлеуеті, туризм индустриясының тенденциялары туралы әңгімеледі, сонымен қатар өз халқының салт -дәстүрі мен мәдениетімен таныстырды.
— Серіктес мектептер жобасы аясында біз Бал-Бхарати үнді мектебімен 2019 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Бірігіп түрлі акциялар, тақырыптық жиындар өткіземіз. Біздің мақсат — коммуникативті дағдыларды, халықаралық қарым -қатынасты, жаһандық азаматтықты дамыту, — дейді Зияткерлік мектебінің кітапханашысы Галия Нукеева.