Алматы облысында КВИ жұқтырудың 135 жаңа жағдайы тіркелді

20 қазан күні таңертең коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 135 жаңа жағдайы анықталды: 14 жасқа дейінгі балалар арасында 21 жағдай және студенттер арасында 5 жағдай. Өсім қарқыны 0.2 құрады%

Айта кету керек, Алматы облысында барлығы 54 139 зертханалық расталған КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде 40 065 белгілері бар.
Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны екі аптаны салыстыру кезінде 0,3% деңгейінде тұр. Соңғы аптада өсімнің ең жоғары қарқыны Алакөл, Қаратал, Сарқан аудандары мен Текелі қаласында байқалады.

Облыс өңірлері бөлінісінде КВИ сырқаттанушылығы: Ақсу-1, Балқаш-6, Еңбекшіқазақ-15, Ескелді-2, Жамбыл-10, Іле-3, Қарасай-4, Қаратал-8, Кеген-2, Кербұлақ — 2, Көксу-3, Панфилов-14, Талғар-9, Ұйғыр-5, Талдықорған қаласы-44, Текелі қаласы-3, Қапшағай қаласы-4.