Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы

Jetisy’Media ақпараттық алаңында Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселесіне арналған брифинг өтті.
Іс-шараға Алматы облысы прокурорының орынбасары Ілияс Бескемпіров, Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов қатысып, Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндірді.
Брифинг барысында атап өтілгендей, құқық қорғау органдары белгіленген тәртіпке, қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғатын кез келген құқық бұзушылықтың жолын кеседі, сондай-ақ заңда көзделген құқық бұзушылықтарды болдырмауға заңда көзделген барлық шаралар қабылданады.
«Митингтерге, пикеттерге және жиналыстарға өтініш хабарлама жасау тәртібі бойынша өткізіледі, хабарлама белгіленген күнге дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей жергілікті атқарушы органға жазбаша беріледі. Ал өткізу ережесін бұзған жағдайда 200 — ден 2000 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған», – деп қорытындылады Алматы облысы прокурорының орынбасары Ілияс Бескемпіров.
Брифинг барысында айтылғандай құқық қорғау органдары белгіленген тәртіпке, қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғатын кез келген құқық бұзушылықтың жолын кеседі, сондай-ақ құқық бұзушылыққа жол бермеу бойынша заңда көзделген шараларды қабылдайтын болады.