Алматы облысының тұрғындарында ҚР ІІМ үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің қатарын толықтыруға мүмкіндігі бар

Ішкі істер органдарында қатардағы және орта басшы құрам лауазымдарында бос орындар бар. Бұл туралы Jetisý Media ақпараттық алаңында өткен брифинг барысында белгілі болды.
«Негізгі талаптар 35 жастан аспаған, бойы 170 см-ден төмен емес, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, кез келген жоғары білімінің болуы, әскери қызмет өткеру немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар»,– деп атап өтті ҚР ІІМ полиция полкінің 4-батальоны взвод командирінің Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі орынбасары, аға лейтенант Берік Төлегенов.
Қызмет өткерудің негізгі артықшылығы жұмыс берушінің есебінен бастапқы оқыту және біліктілікті арттыру деп атауға болады. Қызмет өтілі мен арнаулы атағына байланысты лауазымдық жалақы мөлшерін ұлғайта отырып, тұрақты және уақтылы жалақы, сауықтыруға арналған жәрдемақы, мансаптық өсу және ведомстволық емдеу мекемелерінде тегін медициналық қызмет көрсету көзделген.
Айта кету керек, зейнеткерлікке шығу ішкі істер органдарында кемінде 12 жыл 6 ай үздіксіз еңбек еткен кезде арнаулы атаққа байланысты 48 жастан басталады.
Сондай-ақ, әрбір адамға тұрғын үй төлемінің мөлшері 56016 теңгені құрайды. Отбасының әрбір мүшесіне он сегіз шаршы метрден қарастырылған. Жұмысқа орналасқан тұлғалар Нұр-Сұлтан қаласында қызмет өткеретін болады.