Атамекеннің қадірі биік

Атамекенге оралған қандастар саны артып келеді
1991 жылдан бері елге 1 миллион 82,8 мың этникалық қазақ оралған. 2020 жылы Қазақстанда «оралман» термині «қандас» сөзіне алмастырылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 12 501 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Олардың басым бөлігі Өзбекстаннан келді. Бұл көрсеткіш жалпы санның 76 пайызын құрайды. Атамекеніне оралғандардың 9,8 пайызы Қытайдан, 6,8 пайызы Түрікменстаннан, 2,5 пайызы Моңғолиядан келген. Ал қалған 4,9 пайызы басқа елдерден келді. Этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,4 пайыз), Маңғыстау (19,5 пайыз), Түркістан (13,8 пайыз) және Жамбыл (8,2 пайыз) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,4 пайыз) қаласына қоныстанды. Арасында жартысынан көбі, 55,2 пайызы еңбекке жарамды. 27,1 пайызы еңбекке қабілетті жасқа жетпеген. Ішінде 17,6 пайызы – зейнеткер.
— Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңейі бойынша 11пайызы жоғары білімді, 39,4 пайызы орта кәсіби білімді, 45,7 пайызы жалпы орта білімді және 3,9 пайызының білімі жоқ, — делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, 1991 жылдан бері елге 1 миллион 82,8 мың этникалық қазақ оралған. 2020 жылы Қазақстанда «оралман» термині «қандас» сөзіне алмастырылды.
«ЖШ-ақпарат»