Алматы облысы: мониторингтік топ той-томалақ өткізген 233 жағдайды анықтады

Халықтың санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралардың сақталуын бақылау мақсатында Алматы облысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанынан 268 мониторингтік топ құрылды.Ағымдағы жылдың басынан мониторингтік топтар 28 463 мың рейд жүргізді, 152 288 мың нысанды қамтып, 1369 карантин режимін бұзу фактісі анықталды. Нәтижесінде 735 нысанға 89 миллион сомасына әкімшілік жазалар қолданылды, оның ішінде 233-і жаппай отбасылық және ұжымдық іс-шараларды, яғни той, ұзату, құдалық және туған күндер өткізу бойынша қоғамдық тамақтану нысандарында айқындалды. Карантиндік және маскалық режимді сақтамағаны үшін жеке тұлғаларға 592 хаттама жасалды,-деп хабарлайды Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылдау департаментінің баспасөз қызметі.

2020 жылдың қараша айының басынан бастап, бүгінгі күнге дейін Еңбекшіқазақ (13), Ескелді (1), Жамбыл (2), Талғар (4) аудандары мен Қапшағай (1), Талдықорған (6), Текелі (1) қалаларында, 28 шағын кәсіпкерлік Нысанында барлығы құқық бұзушылық фактісі анықталдыған. 18 нысан бойынша аумақтық прокуратура органдарына хат жолданды, 16 нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізілді, салдарынан жеке тұлғаларға –57.992.60 теңге сомасында 12 хаттама толтырылды.

Айта кетейік, өңірде үйлестіру орталықтары жұмыс жасайды. Жыл басынан бері орталыққа 156 шұғыл хабарлама келіп түскен. Тексеріс барысында карантиндік шараларды бұзу дерегінің 90 жағдайы қоғамдық тамақтану нысандарында орын алғандығы анықталды. Бұл сандар әлі күнге отбасылық іс-шараларды, түрлі бас қосуларды бұқараның кейінге қалдырмағанын көрсетуде.