Алматы облысында жыл басынан 45 мыңнан астам адамнан COVID-19 анықталды

Жетісу өлкесінде КВИ сырқаттанушылық деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда – 2118,6 құрады. Тәуліктік көрсеткін 246 адамнан коронавирус анықталғанын көрсетіп отыр. Тіпті балаларды да айналып өтпек емес, 14 жасқа дейінгібалалардың 37-і індет жұқтырған.

Бүгінгі күнге дейін, облыста КВИ зертханалық расталған 45 282 жағдай тіркелген, оның ішінде 32 255 симптом белгілері бар.

Бүгінгі таңда коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның І компонентін 694 892 мың адам қабылдады. Оның ішінде 39 670 педагог, 23 746 медицина маманы, 12 347 мемлекеттік қызметкер екпе алып, көш бастап тұр. Ал ІІ компонентпен 577 935 адам егілді.