Тоқаев екі мемлекеттік бағдарламаның мерзімін ұзартты

Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

«Қарапайым заттар экономикасы» мен «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мерзімін 2022 жылға дейін ұзартуға шешім қабылдадым. Бұл бағдарламаларға 1 трлн. теңге қаржы бөлінеді. Қазақстан салыстырмалы түрде пандемияның салдарын жақсы еңсеріп келеді. Бұл — біздің басымдығымыз. Алайда Ұлттық трансферт пен бюджеттің қаржысы шексіз емес. Бюджеттің ұлғайтылуын қамтамасыз ету керек, — деді ол.

Айта кетейік, Президенттің Жолдауы барлық республикалық телеарна мен негізгі радиостансалардан онлайн көрсетіліп жатыр.