Түлектерімізбен мақтанамыз!
Өткен оқу жылын аяқтаған түлектер үшін ең басты жаңалық-– ашық пен әділдікті қамтамасыз ету мақсатында тестілеудің компьютерлік форматта өткізілуі.Алғаш рет білім саласына енгізіліп отырған осы сынаққа С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің ұжымы даайындықтты ерте бастап кетті.
Мектебімізде құрылған іс-шаралар жоспары бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді. Апта сайын байқау сынақтар өткізілді, оның ішінде бірнеше рет USTUDY арқылы тест алынды. Қорытындысы директор жанындағы отырыста, педагогикалық кеңесте және ата-аналар жиналыстарында қаралды. Пән мұғалімдері оқушылармен жеке жұмыстар ұйымдастырды,түрлі білім беру ресурстарын,платформаларды тиімді қолдана білді.Оқушылардың тест қорытындысы бойынша қиындық тудырған бөлімдерімен, тақырыптарымен қайталау сабақтарын ұйымдастырды.
Мектеп психологтері психологиялық тренингтер жүргізді.Кәсіби бағдар бойынша жоғары оқу орындарының, колледждердің өткізген онлайн-форумдарға қатысып, танысып отырды.Бұл түлектердің өздері қалаған оқу орнын таңдау жасауына көп көмегін тигізді.
Жүйелі түрде жүргізілген осыындай жұмыстар нәтижесінде мектебіміздің орта балы 77,4 балл болды. Ал оқушыларымыз Н.Қамбархан 130, Ш.Адалбек 127, Ә.Тлеухан 115, И.Нұрбосын 110, А.Мұрат 108 балл жинады.13 түлегіміз мемлекеттік білім беру грантын жеңіп алды.
Оқушыларымыздың осындай жетістіктерге қол жеткізуіне үлесін қосқан Ж. Қауранбекова, С. Туспаева, Б. Иманбаева, Ж. Рыскулова, Г. Бабақұмар, Б. Жапишева, Г.Каблашева, А. Рахметова, А. Есимова сияқты ұстаздарымызды мақтанышпен айта аламыз.
Еліміздің болашағы көркейіп,өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақтың біліктілік, іскерлік, құзыреттілік қабілеттеріне тікелей тәуелді.
Осыдан жас ұрпақтың бойында құзыреттілікті қалыптастыру және оларды шығармашылыққа баулу мәселелері туындайды. Бұл өз кезегінде сапалы білім мен іскерлікті талап ететіні сөзсіз. Ал жас ұрпаққа жүйелі білім беру,ынта-ықыласын арттыру, құзыреттілігін қалыптастыру – біздің басты міндетіміз.«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі білім саласының талабы.Осы талаптарды жүзеге асыру-ұстаздар қауымының жаңа оқу жылындағы басты міндеті деп білеміз.

.
Х.Нурланова
С.Сейфуллин атындағы орта мектебі
мектеп директорының оқу ісі
жөніндегі орынбасар