Жеке тұлғалардың салық міндеттемелерін дұрыс емептемеу және көлік құралдарын иеленудің нақты мерзімінің өзгеруіне байланысты артық төлемнің пайда болуын болдырмау, көлік құралдарына қате (артық) төленген салықты қайтаруға байланысты әуре-сарсаңға салуды болдырмау мақсатында ҚР «Салық кодексіне» өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Ендігі жерде, көлік тізгіндегендер 2020 жылдың салығын 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін төлеуге құқылы.
Заңда осы норманың 2020 жылдан бастап қолданылуы көзделген, яғни 2020 жылғы міндеттемелер бойынша 2021 жылы төлем жүргізу көзделген.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Салықтық әкімшілендіруді реформалау» жобасы шеңберінде «Интеграцияланған деректер базасы» ақпараттық жүйесінің «жергілікті салықтар» кіші жүйесін әзірледі.
«Интеграцияланған деректер базасы» ақпараттық жүйесінің көмегімен 2 жыл бойы көлік салығын есептеу жүргізілуде.
Көлік салығы бойынша алдағы төлемдерді есептеу кезінде ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің (ІІМ ӘПК) мәліметтері пайдаланылғанын атап өткен жөн.
«Көлік құралдарына салынатын салық салық кезеңінің соңына дейін меншік құқығы сатып алынған айдың 1 күнінен бастап, яғни ағымдағы жылдың соңына дейін не меншік құқығы берілген айдың 1 күніне дейін нақты иелену кезеңі үшін есептеледі», -дейді Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Руслан Ахметжанов.
Алматы облысында жалпы 593 434 автокөлік құралдары тіркелген, салық төлеушілердің саны 554 143 адам. Жалпы 2020 жылға есептелген салық сомасы 8 805 млн.теңгені құрайды, оның ішінде жеңілдіктері бар 25 216 адам 536 млн.теңгеге босатылды (жеңілдіктер -алтын алқа белгісі бар, мүгедектер, жеке шаруа қожалықтары, еңбек ардагерлері және оған теңестірілген тұлғалар).
2021 жылдың 01-ші тамызына көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешек 86 861 жеке тұлға бойынша 2 707,7 мың теңгені құрайды.
Жеке тұлға көлік салығын мүлдем төлемеген немесе толық төлемеген жағдайларда, салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жеке тұлғаның қарызын өндіріп алу туралы салық бұйры шығарылып, белгіленген тәртіппен атқару органдарына жібереді.
Жеке сот орындаушы — борышкерден оның қызметі үшін өндіріп алынған қарыз сомасының 25% -на дейін өндіріп алады.