Қазіргі уақытта «Жетісу» авиакомпаниясы » АҚ күн сайын Талдықорған-Үшарал-Талдықорған бағыты бойынша тұрақты субсидияланған рейстерді орындайды.
Авиакомпанияда 2018 жылдан бастап сыйымдылығы 19 жолаушыға дейін L 410 Чех өндірісінің екі ұшағы пайдаланылады. Пайдалану кезеңінде ұшақтар 2019 жылы – 995 сағат, 2020 жылы – 935 сағат, 2021 жылы – 2708 сағат ұшты.
«Көкке ұшырар кезде әуе кемелерінде ақау болған жоқ. Авиатехниканың техникалық жай-күйін инженерлік авиациялық қызметі бақылайды, ұшақтардағы регламенттік жұмыстар уақытында орындалады. Ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті бақылауды авиакомпания Президенті, өндіріс жөніндегі вице-президент, авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы, ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспектор орындайды»,– дейді «Жетісу «авиакомпаниясы» АҚ өндіріс жөніндегі Вице-президенттің міндетін атқарушы Ерлан Ерғожаев.
Сонымен қатар ол, ұшу қауіпсіздігі тиісті деңгейде сақталатындығын атап өтті. Әрбір ұшу алдында нормативтерге сәйкес әуе кемесін, жолаушыларды, багажды және почтаны тексеру жүргізіледі. Сондай-ақ әуежайда қауіпсіздік бөлімшесінің инспекторлары өткізу және нысан ішіндегі режимді сақтауды бақылап отырадыү