КЕШЕ ТАЛДЫҚОРҒАНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ АДАМНАН КОРОНАВИРУС ТАБЫЛДЫ

Алматы облысында былтырдан бері коронавирустың расталған 32 713 жағдайы тіркелді. Соңғы тәулікте Талдықорғанда 94 адам індет жұқтырды. Бұл туралы «Жетісу шұғыласы» газеті хабарлады.

Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы екі аптада 0,6 пайыздан 0,9 пайызға дейін көтерілді. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл, Балқаш, Ескелді, Іле, Қарасай және Сарқан аудандарында байқалды.

2 тамыздағы мәлімет бойынша, соңғы тәулікте 313 адам індет жұқтырды. Оның 255-сі симптомдық, 58-і симптомсыз. Вирус анықталған 313 жағдайдың 34-і 14 жасқа дейінгі балалардың арасында тіркелген. Оқушылар арасында 24, студенттер арасында 2 жағдай анықталды.

Аудан-қалаларға тарқатып айтсақ, Ақсуда 2, Алакөлде 17, Балқашта 6, Еңбекшіқазақта 22, Ескелдіде 14, Жамбылда 23, Іледе 15, Қарасайда 25, Қараталда 14, Кербұлақта 7, Көксуда 2, Панфиловта 18, Райымбекте 6, Сарқанда 7, Талғарда 30, Ұйғырда 4, Кегенде 1, Талдықорғанда 94, Текеліде 6 адамнан коронавирус табылды.

Бүгінде облыста барлығы 28 062 пациент емделіп шығарылды. Бір тәулікте стационардан 30 пациент ем-домын қабылдап, үйіне қайтарылды. Үйдегі оқшаулаудан 30 адам босатылды.