Бұл демократияға бастар тың жол

 

Қазақстан 30 жыл ішінде талай жолдан өтті. Ал Мемлекет басшысының ауыл әкімдерін сайлау жөніндегі заңға қол қоюы болашаққа жасалған маңызды әрі дұрыс қадам деп санаймын. Осылайша, еліміз демократиялық бағытқа біртіндеп қадам басып келеді.

Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде жұртымыздың санасы өсіп, саяси мәдениеті қалыптасты. Конституциямыздағы демократиялық нормалар біртіндеп жүзеге асырылып келеді. Сол сияқты ауыл әкімдерін сайлау туралы қабылданған шешім – бұл тарихи маңызы бар оқиға. Тіпті мұны үлкен сынақ және емтихан деуге болады. 

Саяси партиялардың өкілдері ғана емес, өзін-өзі ұсынатын кандидаттар да әкім бола алады. Ең бастысы, бюллетеньдерде «Бәріне қарсы» деген тармақ бар. Бұл демократиялық қоғамның тағы бір талабы.

Күні кеше Ескелді ауданына қарасты Қоңыр ауылдық округінде алғашқы рет ауылдық округінің әкімін сайлауы өтті. Бұл біздің аудан үшін тарихи сәт, Қоныр ауылының тұрғындары алғашқылардың бірі болып ауыл әкімін сайлау мүмкіндігіне ие болды.

 Б.Боранбаев