Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегi Қазақстан халқына Жолдауында, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2021 жылғы 15 қаңтардағы VII шақырылымдағы Парламенттiң бiрiншi сессиясында аудандық маңызы бар ауылдық округтердiң әкiмдерiн тiкелей сайлау арқылы сайланатындығы туралы айтты.
Ауыл әкімдерін сайлау – бұл маңызы зор саяси реформа. Ел тарихында мұндай ауқыммен алғаш рет өтті. Бұған дейін ауыл әкімдерін мәслихат депутаттары сайлайтын. Енді ауыл тұрғындары өздері ұнатып, сенім артқан, әкім болуға лайық деген кандидатқа дауысын беріп, таңдау жасады. Бұл әрине сайланған әкімнің және оны таңдаған тұрғындардың жауапкершілігін арттырады. Өйткені ауыл әкімінің деңгейі – жергілікті өзін-өзі басқару деңгейімен тікелей байланысты. Бұл қадамға не үшін барып отырмыз? Азаматтардың өз өмірін жақсартуға қатысуы үшін жасалған. Тұрғындар қаражаттың тиімді жұмсалуын қадағалайды. Қайда бағыттауға болатынын өзара шешіп, тиімді жұмсалуын бақылауда ұстайды. Бұл елімізді одан әрі демократияландыру жолында жасалып отырған маңызды саяси қадам.
Біздің ауданда 1 ауылдық округте, яғни Қоңыр ауылдық округінде ауылдық округ әкімінің сайлауы өтті. Округ тұрғындары сайлау науқанына белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады.
К.Тастанбаев.