СЕРПІЛІСКЕ ЖОЛ АШҚАН- «СЕРПІН»

Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың Мәңгілік ел идеясының шеңберінде «Мәңгілік ел-жастары индустрияға» «Серпін» әлеуметтік жобасы 2014 жылдан бері жұмыс жасайды.

Жоба шеңберінде Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының жастары Республиканың 9 аймағында орналасқан колледждер мен ЖОО-да сапалы білім алуға мүмкіндік береді.

— ҰБТ немесе КТ-ден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша кемінде 65 балл, ал білім беру, ауыл шаруашылығы ғылымдары және ветеринария мамандықтарының топтары бойынша кемінде 60 балл, техникалық білім беру саласы бойынша 50 балл жинаған талапкерлер  білім беру грантының  конкурстарына құжаттарын тапсыра алады»,- дейді Алматы облыстық «Жастар ресурстық орталығының» бөлім басшысы Әйгерім Серікова.

Биылғы жылы 2021-2022 оқу жылына 5116  педагогикалық ғылымдары 1653, ақпараттық коммуникациялық  технологиялар 1300, инженерлік өндеу және құрылыс салалары 1873, ауыл шаруашылығы және биоресурстар 330 грант бөлініп отыр.

Білім гранттарына ие болған студенттерге  4 –жыл бойы жатақхана беріледі, үйіне барып қайту жол ақыса беріледі, шәкірт ақы беріледі, және оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналастыру қарастырылған.

Алматы  облысы бойынша  9112 мың  жоба қатысушысы атанды,  1424 мың білімгер оқуды аяқтады.

«Мәңгілік ел жастары индустрияға!» — «Серпін» әлеуметтік жобасы 2021 жылы 16-25 шілде күндері аралығында І. Жансүгіров атындағы Жетісу  университеті ғимаратында жобаға қатысушы жоғарғы оқу орындарының өкілдері мемлекеттік білім беру гранттары бойынша ақпараттық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, құжаттар қабылдау онлайн «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ» EGOV.KZ порталы арқылы жүзеге асырылады.

Конкурс қорытындысы тамыз айының 1-10 күндері аралығында Республикалық газеттерде немесе әлеуметтік желілерде жарияланатын болады.