АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 190-ҒА ЖУЫҚ БАҚ ӨКІЛІ ВАКЦИНА АЛДЫ

Өңірде COVID-19 вакцинасының бірінші компонентімен 468 455 адам, екінші компонентімен 253 784 адам егілді. Вакцинацияланғандардың ішінде 11 481-мемлекеттік қызметшілер, 22 933 – медицина қызметкерлері, 37 123-педагогтер. БАҚ өкілдері де әлеуметтік жауапкершілік танытуда. Бұл салада вакцинацияланғандардың саны – 186. Сондай-ақ созылмалы аурулары бар 3432 адамға вакцина салынды.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері Алматы облысына вакцинаның I компонентінен 519 145 доза келіп түсті, оның ішінде 468 455 доза пайдаланылды және бүгінгі күні облыста вакцинаның 50 690 дозасы қалды.

14 шілдедегі жағдай бойынша облыста КВИ зертханалық расталған 28 589 жағдай тіркелген, оның ішінде симптомдары 18 122.

100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 1337,6 құрады. Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,2%-дан (30.06-06.07) 0,3% — ға (07.07-13.07) дейін өсті. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл, Балқаш, Ескелді, Іле, Қарасай, Қаратал, Райымбек, Талғар аудандарында байқалады.

Соңғы тәулікте КВИ 134 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны – 0,5%, оның ішінде 105 симптомдық және 29 симптомсыз жағдай.

14 жасқа дейінгі балалардың КВИ анықталған 134 жағдайының 23-і, оқушылар арасында 11 жағдай және студенттер арасында 4 жағдай.

Облыс өңірлері бөлінісінде КВИ аурушаңдығы: Алакөл – 5, Балқаш-3, Еңбекшіқазақ-9, Ескелді-4, Жамбыл – 3, Іле–20, Қарасай-4, Қаратал-7, Кербұлақ – 2, Көксу – 1, Панфилов – 7, Райымбек – 2, Талғар–30, Ұйғыр – 5, Қапшағай қаласы – 1, Талдықорған қаласы – 29, Текелі қаласы-2.

14 шілдедегі жағдай бойынша 26 974 науқас жазылып шықты, бір тәулік ішінде стационардан 36 пациент шығарылды, 20 адам үйден оқшаулаудан шығарылды.