ЖҰМЫССЫЗ АДАМ «САҚТАНДЫРЫЛҒАН» МӘРТЕБЕСІН ҚАЛАЙ АЛАДЫ?

Қазақстандықтардың басым көпшілігі үшін МӘМС жарнасын жұмыс беруші аударатын болса, жұмыссыз азаматтар мен бейресми жұмыс істейтін тұлғалар қайтпек?

​Ресми жұмыс істемейтін болсаңыз, сақтандырылған мәртебесіне ие болу үшін төмендегі үш тәсілдің бірін қолдана аласыз:

​- БЖТ жарнасын төлеу — қала тұрғындары үшін айына 2 917 теңге = 1 АЕК және басқа елді мекендерде тұратындар үшін 1 459 теңге = 0,5 АЕК

​БЖТ төлеушілер МӘМС бойынша жәрдем алу үшін, үш ай бойы жарнаны төлеуі қажет. Мысалы, тамыз айында қызмет алу үшін, маусым, шілде және тамыз айлары үшін төлем жасалған болуы тиіс.

​- Дербес төлеуші ретінде төлем = айына 2125 теңге (ЕТЖ-ның 5%-і)

​Дербес төлеушілер медициналық көмек алардан бұрын жарнаны соңғы 12 ай бойы үздіксіз төлеуі керек.

​- Немесе мекенжайыңыз бойынша «Жұмыспен қамту орталығына» барыңыз, онда сіздің біліктілігіңіз бен тәжірибеңізге байланысты жұмыс ұсынады.

​Ұсынылған жұмыс жарамайтын болса, жұмыссыз мәртебесін алу үшін ресми тіркелесіз. Бұл жағдайда МӘМС жарнасын сіз үшін мемлекет төлейтін болады.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Алматы облысы филиалына хабарласуыңызға болады. Жұмыс уақыты: Дс.-Жұм., 9.00-18.30, түскі ас — 13.00-14.30. Конт.: 8728 255 90 06.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы