БІЛІМ БАСТАУЫ — ТӘРБИЕ

Тәрбие процесі – күрделі динамикалық жүйе. Өйткені, ол үнемі үзіліссіз даму, қозғалмалы, өзгермелі жағдайда болады. Тәрбие процесінің үзіліссіз жағдайы қоғамның талабына сай оның үнемі дамуымен сәйкес келеді, қозғалмалылығы – жанұя тәрбиесі, мектептегі мақсатты әртарапты тәрбиелік іс-шаралар мен мектептен тыс мекемелердің әртүрлі қызметі және баланың қызығушылығымен байланысты түрлі іс-әрекеттері, мүмкіндіктері, өмірлік тәжірибесі және әлеуметтік ортасы қарастырылса, ол мұғалімге тәрбиеде маневрлік жасауға, қажетті кезде нәтиже беретін жол таңдауға мүмкіндік береді. Өзгермелілігі – оның жағдайға, тұрғылықты мекен-жайға, балалардың жас ерекшелігі мен жеке басының мүмкіндігін ескерумен, сондай-ақ өмірдің әртүрлі жағдайына, баланың өмір сүріп отырған ортасына т.с.с. тәуелді болуымен сәйкес анықталады. Осыған орай Жетісу орта мектебінде тәрбие жұмысының басым 8 бағытын негізге ала отырып, бағыттық жұмыстар жүргізілді.

1.Азаматтық-патриоттық тәрбие бойынша оқушыларға Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге, оларды әлеуметтік құндылықтарға – патриотизмге, азаматтыққа, тарихи жадыға, борышқа баулуға, ұлттық сана-сезім мен құқықтық мәдениеттің негіздерін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді. Атап айтсақ: білім күніне арналған «Конституция — біздің болашағымыз», «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!»сынып сағаттары, «Қауіпсіз орта» акциясы, «Жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықты болдырмау» туралы түсіндірме жұмыстары, «Менің елім Қазақстан» еліміздің көрікті жерлеріне онлайн саяхат, «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубымен «Жемқорлық — індет, жою — міндет» тақырыбында жұмыстар, «Полицияның жас көмекшілері» отряды да жұмыстарын жоспарға сәйкес жүргізді. 1 желтоқсан Тұңғыш президент күніне орай іс-шаралар жоспары құрылып, жоспарға сәйкес «Менің тұңғыш Президентім» тақырыбында сынып жетекшілер тәрбие сағаттарын өткізді. 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне орай іс-шаралар жоспары құрылып, жоспарға сәйкес «Тәуелсіздік таңы» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары, 1-мамыр, 9-мамыр күндеріне арналған патриоттық іс-шаралар өз деңгейінде өтті.

2.Рухани-адамгершілік тәрбие жеке тұлғаның құндылық-мағыналық саласын дәйекті кеңейту және нығайту, жалпы қабылданған моральдық нормалар мен адамгершілік идеалдар негізінде білім алушының өзіне, басқа адамдарға, қоғамға, мемлекетке, әлемге саналы түрде көзқарас қалыптастыру қабілетін қалыптастыру процесі болып табылады. Осыған орай, қайырымдылық жобалар дайындау және орындау, «Мектепке жол», «Қамқорлық», «Мектепке жиналуға көмектес», «Қуаныш сыйла» акциялары өткізіліп, жағдайы төмен, көп балалы, аз қамтылған отбасының балаларына көмектер көрсетілді. 5 қыркүйек — Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай «Тіл – татулық тірегі» атты іс-шаралар өткізілді. 1 қазан — Қарттар күніне, Мұғалімдер күніне арналған тәрбие сағаттары өткізілді.

3.Ұлттық тәрбие бағыты бойынша атаулы даталар бойынша, Абайдың 175 жылдығына орай, Аль-Фарабидің 1150 жылдығына орай, және де ұлттық мерекелерімізді дәріптеу мен насихаттау мақсатында іс-шаралар өткізіліп, оқушыларымызға ұлттық сананы қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған жұмыстар жүргізілді.

4.Отбасылық тәрбие бағыты бойынша «Отбасы — бақыт мекені» республикалық акциясы, «КІТАП-FEST» отбасымен қосылып оқы атты іс-шара өткізді. «Фильм-FEST» құндылығы және отбасы мүшелерін құрметтеу. «Отбасылық дәстүрлері», «Ана қасиеті», «Ананың мейірімі», «Әке үлгісі», «Достық — сезімдері құндылығы» атты бейне фильмдер көрсетілді. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана — өмірдің шуағы» мерекелік іс-шаралар онлайн форматта өткізіле отырып, оқушыларға отбасы құндылықтарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

5.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бойынша оқушыларды еңбекке баулу және де экологиямызды таза ұстауға арналған экологиялық іс-шаралар өткізілді. «Мамандық таңдау — ертеңді ойлау» тақырыбында түсіндіру жұмыстары, 15 қараша – Ұлттық валюта теңге күніне орай Бастауыш «Теңгенің шығу» Орта буын «Жарнама жасау өнері», Жоғарғы буын «Бизнес және кәсіпкер негіздері» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Бейнеоликтер жасалып, ұлттық валюта туралы түсініктерін кенейту жұмыстары жүргізілді. 1 наурыз — Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай сейсможаттығу жұмыстары жүргізіліп, оқушыларға түрлі апаттардан сақтану шаралары туралы жадынама таратылды. Оқушыларды еңбекке баулу мақсатында «Ауылдың тазалығы, елдің тазалығы» волонтерлық қозғалыс аясында жас көшеттер отырғызу эко-челлендж ұйымдастырылып, мектеп ауласына жас көшеттер отырғызылды.

6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие бойынша оқушыларға Эстетикалық тәрбие беру арқылы мәдениеттілікке тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдасуда және эстетикалық сезім мен талғамды тәрбиелейді. Өнер және өмірдегі сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады. Ең бастысы – адамгершілік сезімді, жеке бастың рухани деңгейін көтеру, мінез-құлқын толықтыру, түзету. Егер оқушы өзін жаман әдеттен алшақ ұстап, іс-әрекетінің әдемілігін, қажеттілігін түсініп, еңбек нәтижесінен көркемдікті сезіне білсе, бұл оның эстетикалық талғамының, адамгершілік қасиеттерінің жоғары екендігін көрсетеді.

7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі бойынша әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыра отырып, мектебімізде «Шаңырақ», «Жаңа ғасыр» «Ұшқыр ой алаңы» дебат интелектуалды сайысына қатысуға екі топ құрылып, жетекшілер сайланып,мектепішілік дебат ойындары өткізіліп, жеңімпазы аудандық турнирға қатысып, жүлделі үшінші орынды иеленді.

8.Дене тәрбиесі, салауатты өмірсалтын қалыптастыру бағыты бойынша жұмыс оқушылардың физикалық дамуы үшін жағдай жасауға және қолдауға, олардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға, СӨС құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған. Денсаулық фестивалі мен отбасылық «Толағай» қашықтықтан жарыс ойындары, «Салауатты өмір – жарқын болашақ» атты спорттық ойындар өткізілді. Оқушыларға салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша таза ауада футбол, волейбол, баскетбол ойындары өткізіліп тұрды. «14 қараша — Дүниежүзілік диабет ауруына қарсы күрес күні» орай тәрбие сағаты, ЖҚТБ зиянды әдеттердің алдын-алуға дәріс сабақ, 1 желтоқсан — СПИД-пен дүниежүзілік күрес күніне орай «СПИД-ғасыр дерті» сынып сағаты, 3 желтоқсан — Дүниежүзілік мүгедектер күніне тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қайырымдылық – жылы жүректен». Нашақорлық, маскүнемдік, темекі тарту жасөспірім денсалығының алдын-алу шаралары да жүргізіліп, мектеп инспекторы, директордың тәрбие ісі жөнінідегі орынбасары, мектеп психологтары, мектеп медбикесі бірлесе отырып оқушыларға зиянды заттардан аулақ болу, нашақорлық пен маскүнемдіктің себеп салдары және оның адам денсаулығына тигізер кері әсері туралы түсіндірме жұмыстарын тоқсан сайын жүргізіп отырды.

24 наурыз — Туберкулез ауруына дүниежүзілік күрес күніне орай “Туберкулезге қарсы күреске өз үлесіңді қосар уақыт келді” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. «Салауатты өмір салтын дәріптейік, ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздейік» оқушыларды өз денсаулығына күтім жасай білуге тәрбиелеу, гигиеналық тазалығын сақтауын қалыптастыру, зиянды заттардың ағзаға тигізетін әсерін түсіндіру, “Денсаулық” құндылығы туралы түсініктерін кеңейту мақсатында өткізілді. Жыл бойы өткізген тәрбие сағаттарымен сыныптан тыс шараны жүйелі ұйымдастырғанда ғана оқушылар ұлттық құндылықтарды міндетті түрде бойына дарытады. Заман талабына сай тәрбие беру тәрбие мен білімнің басты міндеті. Ел ертеңі бүгіннен басталатынына терең мән беретін болсақ,егеменді еліміздің тірегі білімді ұрпақ. Болашақта еліміздің мәртебесін көкке көтеріп, экономикасы мен ішкі және сыртқы саясатын дамытатын да алдымызда тәрбиелеп отырған жас өрендеріміз.

Жетісу орта мектебі.