Қазіргі уақытта оқытудың негізгі нысандарының бірі қашықтан оқыту. Қашықтан оқыту — бұл оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру үшін мүмкіндіктер жасалатын оқытудың әртүрлі әдістері, модельдері мен технологиялары, оқытудың бүкіл кезеңі ішінде оқытушымен және басқа да білім алушылармен қарым-қатынас жасау, телефон байланысы, факс, электрондық пошта арқылы, интернет ресурстарын пайдалану, цифрлық білім беру ресурстары. Алайда, оқу процесін оның тәрбиелік компонентінсіз елестету мүмкін емес, өйткені білім беру ұйымында білім беру адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерін, көзқарастары мен құндылық бағдарларын қалыптастыруға, сонымен қатар жан–жақты үйлесімді, рухани, интеллектуалдық және физикалық дамуға қолайлы жағдай жасауға бағытталған оқумен тығыз байланысты мақсатты және жүйелі іс-әрекет болып табылады.
«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тәрбие саласына қатысты 2020-2021 оқу жылындағы іс-шаралар онлайн форматында қашықтықтан жүргізіліп, жүзеге асырылды. Аталған мектеп бойынша тәрбие жұмысының мақсаты: Жалпыадамдық негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу. Осы мақсатқа жету үшін тәрбиенің 8 бағыты бойынша арнайы жоспар құрылды. Әр бағыттың мақсат-міндеттері айқындалып сыныптан тыс өткізілетін іс-шаралар жүйелі жүзеге асырылды.
Оқу жылының басында білім алушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында әр апта сайын арнайы тақырып бойынша сынып жетекшілердің қадағалауымен қолөнер, ән-би сайыстары өткізілді. Бейнеороликтер жасалынды. Сонымен қатар, «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», «Бақытты балалық шақ» айлығы мен онкүндігіне байланысты қашықтықтан іс-шаралар жоспарланып өткізілді. 8 «Б» сыныбының жетекшісі Бозова А.Т. «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» атты тәрбие сағатын өткізді. Мектеп психологі Темірханұлы Руслан «Өмірің өз қолыңда» тақырыбы бойынша бейнеролик дайындап, WhatsApp желісі арқылы оқушыларға жіберді. Ондағы негізгі ой өмірді сүю, қадірлеу, адамға берілетін уақыт пен мүмкіндіктер туралы оқушылардан ойларын сұрап пікір алмасты.
Мектеп психологі Ж.Д.Китапбаева «Жалпыадамзаттық құндылықтар — бақытты өмір негізі» тақырыбында білім алушыларға қашықтықтан оқыту форматында жалпыреспубликалық өзін- өзі тану сағатын ұйымдастырды. Бақытты өмір сүрудің мән-мағынасын ашып, оқушылардың жалпы адамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін тереңдету мақсатында өтті. 8 «А» сыныбының жетекшісі Д.Т.Мухаметжанова «Қатыгездік пен зорлық- зомбылықтың алдын алу» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сонымен қатар 11 «Б» сыныбының жетекшісі С.С.Бекбулатова «Қатыгездік пен зорлық-зомбылық қайдан шығады?» тақырыбында, 10 «Б» сыныбының жетекшісі А.К.Бекежанова «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында, 5 «Б» сыныбының жетекшісі М.С.Базылбекова «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында, 2 «Б» сыныбының жетекшісі А.К.Кайранбекова Ата- аналар үшін жадынама» ата-аналарға ақыл кеңес беру үшін кішкентай кітапшалар, жадынамалар таратылып берілді. «Бала зорлығы — қоғам қасіреті» тақырыбында видеороликтер дайындап WhatsApp желісі арылы оқушыларға жіберілді. Әр мерекеге байланысты жеке іс-шаралар жоспары құрылып, жұмыс жүргізілді. Мысалы, 1 желтоқсан барлық сыныптарда сынып жетекшілер «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» онлайн форматында сынып сағаттарын өткізіп, бейнебаян, слайд дайындады. Жоспар бойынша Тәуелсіздік күні қарсаңында «Ән көңілдің ажары» атты бастауыш сынып оқушылары арасында ән байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты: қашықтықтан білім беру жағдайында оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға дағдыландыру, туған елге, жерге, Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. Аталмыш байқауға қатысушылар орындаған әндерін Instagram, Facebook әлеуметтік желілеріне орналастырды. Ұйымдастырушы музыка пәнінің мұғалімі Жеңіс Баян және әділқазылар алқасының мүшелері байқауға қатысқандардың өнерлерін сараптай келе байқау қорытындысын шығарды. Байқауға жауапты музыка пәнінің мұғалімі Жеңіс Баян байқау нәтижесі бойынша өзі демеуші болып, ақшалай сыйлықтар мен мақтау қағаздарын, медальдар мен кубоктар, оқушылардың білім алуына қолайлы болу үшін 3D экрандар тапсырды.
Мектеп кітапханасында кітапханашы Н.Айнабаева 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Нұрлы Отанымыз — тәуелсіз Қазақстан» атты көрме ұйымдастырды. Сынып жетекшілер «Тәуелсіздік — елімнің ерлік жолы» тақырыбында сынып сағаттарына арналған бейнеороликтер дайындап WhatsApp арқылы сынып оқушыларына жолдады. «Отан сүйген ұланбыз» «Жас ұлан» біріңғай балалар ұйымынының мүшелерінің құттықтауы, «Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім» «Жас қыран» ұйымының мүшелерінің мерекелік құттықтауы бейнебаян арқылы жолданды. «Тәуелсіздік — неткен тәтті сөз едің!» тақырыбында педагог-ұйымдастырушы А.С.Базарбаева мерекелік салтанатты жиынға арналған бейнебаян дайындап WhatsApp арқылы жолдады.
«Түнгі ауылдағы балалар» түнгі мезілде жүретін жеткіншектерді бақылауға алу мақсатында кәмелетке толмаған жасөспірімдерге арналған кешкі рейд жұмыстары ұйымдастырылған. Педагог-ұйымдастырушы А.С.Базарбаева «Адал ұрпақ» ерікті клубының жұмысын нығайтып жандандыру, «Саналы ұрпақ — жарқын болашақ» марафонын ұйымдастырып, бекітілген жоспарға сәйкес іс-шаралар өткізді. Мектеп кітапханашысы Н.Айнабаева «Құқықтық сана — құқықтық мәдениет» тақырыбында мектеп кітапханасында көрме ұйымдастырды. 8 ақпан күні барлық сыныптар бойынша сынып жетекшілер «Құқық бұзушылыққа жол жоқ, өйткені бейбіт елде өмір сүреміз» онлайн форматында WhatsApp желісі ашық сынып сағаттарын өткізді. Мамыр айындағы мерекелер де атаусыз қалмады.
Білім алушылардың жазғы кезеңде өмір қауіпсіздігі, техника қауіпсіздік шаралары бойынша ата-аналарға жиналыс өткізіліп, жадынамалар таратылды. Балаларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Суда жүзу ережелері мен қауіпсіздік шаралары туралы әр сынып жетекшілер ата-аналарына және сынып бойынша оқушыларға тағы да кеңінен айтып, WhatsApp желісі арқылы түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізілді. Жазғы демалыс кезінде балалардың жұмыспен қамту және даму картасының арнайы жоспары құрылып, жазғы кезеңде де балалармен онлайн форматында іс-шаралар ұйымдастырылады. Дегенмен де қашықтықтан іс-шаралар ұйымдастырылып жатқанмен, балаларымыздың мектеп қабырғасында алаңсыз жүріп, білім мен тәрбие алып, рухани тұрғыдан дамығандығы, сыныптан тыс өткізілетін іс-шараларға белсене қатысқандығынан артық ештеңе жоқ екен. Сондықтан да барша әріптестер мен оқушылар келесі жаңа оқу жылында алтын ұя мектебімізде қауышайық.
Гүлзира ДАРМЕНБЕКОВА,
Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің
тәрбие жөніндегі орынбасары.