Кітап- білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысында берген тапсырмасы бойынша «Кітап оқуға құштар мектеп жобасын» іске асыру мақсатында оқушылардың кітап оқу мәдениеті мен оқу сауаттылықтарын дамыту бүгінгі Қазақстандық мектептердің негізгі бағыттарының бірі болуы керек. Қоршаған ортаны танып, оқуға қызығушылығын арттыру мектеп қабырғасынан басталады «Балаларды «қызықты кітап әлеміне» тартып, олардың негізгі танымы мен қызығушылықтарын қамтамасыз ететін бірден-бір орын — кітапхана болып табылады» деп Қ.Тоқаев айтты.

Оқушылардың оқу мәдинетінің деңгейін және олардың оқу белсенділігінің өсуін арттыру, жас ұрпақ бойында азаматтық, рухани, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, оқушылар, педагогтер және ата-аналар арасында оқуды танымал ету үшін жағдай жасау кітапхананың негізгі міндеті.

Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақты тәрбиелеп отырған мектеп дейтін болсақ, сол мектепте орналасқан кітапхана да осы міндетті педагогтармен бірге атқарады. Мектеп кітапханасы — мектептің жүрегі, бір бөлігі. Бүгінгі шәкірт -ертеңгі ел тұтқасы. Сондықтан мектеп оқушыларының сапалы білім, дұрыс тәрбие алуы ең басты мәселе, осы мәселені шешуде мектеп кітапханасының алар орны ерекше.

Біздің Байысов атындағы орта мектеп кітапханасы заман талабына сай жабдықталған. Кітапхана меңгерушісі Оразбаева Гульнар Ибрагимқызы мен кітапханашы Мажитова Райхан Дүйсенқызы кітапхана кеңес мүшелерімен бірлесе отырып қашықтықтан оқу кезінде «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбы аясында Қарттар күніне арналған «Домбыра-қазақтың асыл мұрасы» атты аудандық іс-шара, 5,6,7,8,9-сынып оқушыларымен «Өзім оқыдым — басқаға ұсындым» Буккроссинг акциясын ұйымдастырып өткізді. 1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Елбасы күніне орай «Ғасырдың керемет азаматы», «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына — 30 кітап» атты кітап көрмесі, «Сұлулық әлемді құтқарады» видеоролигі түсіріліп, «Тәңіртаудың мұзбалағы», «Жыр алыбы Жамбыл» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды. «Туады ерлер ел үшін» видеоролигі түсірілді. «Біз отбасымызбен кітап оқимыз» идеясын әр отбасы өздері түсірген видеоролик арқылы жеткізді. «Наурыз — жаңа жыл басы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып оқушыларға жіберілді. Осы іс-шаралардың ішінен «Туады ерлер ел үшін» тақырыбындағы видеоролик өте мағыналы болды. Онда ауыл шаруашылығы өндірісінің дарынды басшысы, қоғам қайраткері, екі мәрте Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновты, Ұлы Отан соғысының батыры Матай Байысовты ауыл шаруашылық өндірісінде жоғарғы нәтижеге жеткені үшін төстеріне Еңбек Ері Алтын жұлдыздарын қадаған 19 ағаларымыз бен апайларымызды, ерең еңбектері үшін Кеңес Одағының ордендері және медальдармен марапатталған ардагерлер туралы мәліметті оқушылыларымызға видеоролик арқылы жеткіздік. Мектебіміздің 8 «А» сынып оқушысы Ахметбек Аман М.Байысов туралы өзі шығарған өлеңін ұсынды.

Соғыс кезінде ажал тұрса егес,

Елін жерін қорғамаған — қазақ емес,

Ел үшін ажал құшып, қаза болсаң.

Ел аузында қалатының ғажап емес.

Руынан шыққан Жалайырдың,

Оңтүстік жаққа тіккен шатыр.

Жауның екі көзі-төрт болған,

Ел қорғаны — Матай батыр.

Туылды ауылында Алдаберген,

Бұл жерді бізге Алла берген.

Ауасы таза, құнарлы жер,

Бораны жоқ самалды жел.

Соғысқа аттанып ол ереді,

Елі үшін еш нәрсеге қарамай.

Ерлігін бүкіл ел біледі,

Бет бақтырмай, айылын жимай.

Құрметіне оның берілді мектеп аты,

Артында оның өте көп ізбасары.

Елін қорғап, қолына ту ұстаған,

Байысовқа барлығы тамсанды.

Оңайлықпен келген жоқ бұл күндер,

Ардагерлер — нағыз батыр, нағыз ер.

Жас ұрпаққа сеніп кетті ол кісілер,

Қолға мылтық ұстап,қорғап жер.

Мектеп оқушыларының кітап оқуға деген ынталарын дамыту Қазақстандағы білімді жаңғыртудағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Оқырман белсенділігін қалыптастыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасын қолға алып, түрлі жұмыстар жүргізілуде. Мектебімізде осындай тәлімдік мағынасы зор іс-шараларды алдағы уақытта да өткізіп отыру жоспарлануда.

 

Г.И.Оразбаева,

Р.Д.Мажитова, 

Байысов атындағы орта

мектебінің кітапханашылары.