Халық санағы – белгілі уақыт шеңберінде халықтың демографиялық, экономикалық, әлеуметтік сипаттағы ақпаратын жинау, өндеу, жарияалау, тарату мақсатындағы жалпыұлттық статистикалық сараптау саналғанымен оның ауқымы әлдеқайда кең. Санақтың қорытындысы есеп-қисап үшін ғана емес, ең алдымен мемлекеттің алдағы даму бағытын айқындау, басқарушылық шешімдер шығару үшін қажет.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің үшінші отырысындаҰлттық санақты ұйымдастыру мәселесін айта келе, халық санағы тұрғындардың нақты санын, оның жас және гендерлік құрамын, урбанизация деңгейін, табыс көлемі мен басқа да маңызды талдау деректерін анықтап, тексерілген әрі дәйекті басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29,37-баптарына сәйкес, «Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешу үшін арнайы комиссия құру туралы» Алматы обылысы әкімінің 2021 жылғы 09 наурыздағы №27-ө н/қ өкімінің 3 тармағын орындау үшін Ескелді ауданы әкімінің 2021 жылғы 17 наурыздағы №51-ө н/қ өкімімен 2021 жылы Ескелді ауданы халқының санағын өткізуге жәрдемдесу жөніндегі аудандық комиссия құрылды және осы комиссияның ең алғашқы отырысы өтті. Онда жергілікті атқарушы органдарының халық санағы жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарының тармақтарының орындалуы және жалпы санаққа дайындық барысы талқыланып, қажетті хаттамалық тапсырмалар берілді.
Қазақстанда Ұлттық халық санағын 2021 жылдың қазан айының 1-30 күндері аралығында өткізу жоспарлануда.
Ұлттық халық санағы халық өмірінің экономикалық, демографиялық және әлеуметтік аспектілері бойынша маңызды мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Халық санағы барысында алынған статисикалық деректер сонымен қатар стратегиялық құжаттарды және барлық деңгейдегі бюджеттерді объективті қалыптастыруға негіз болады. Атап айтқанда, бұл әлеуметтік саясаттың тиімділігін және әлеуметтік көмектің атаулылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта халық санағын жүргізу аса қажет. Себебі мемлекеттік органдар, бизнес, қоғам және ғылым өз қызметінде қамту мен сапасының арқасында неғұрлым дәлірек және толық мәліметтер болып табылатын санақ деректерін пайдаланады.
Биылғы халық санағын өткізу барысында, алғашқы 15 күнде, интернетсауал салу өткізіледі. Онда респонденттерге санақтан өздігінен өтуге, санақ парақтарын толтырудың әрбір кезеңіндегі нұсқаулықтар мен әзір жауаптар, сондай-ақ виртуалды көмекшінің көмегімен толтыруға мүмкіндік беретін sanag.gov.kz мамандандырылған сайтта интернет желісі арқылы
респонденттер өзіне және өзінің отбасы мүшелеріне санақ парақтарын өздігінен толтыра алады.
Сұхбаттар мен мәліметтерді жинау үшін халыққа жаппай сауал салу жүргізілетін болады. Халыққа сауал салу кезінде респондентті сәйкестендіру ретінде сауал салынатын адамның ЖСН-і пайдаланылатын болады.
Халыққа сұрақ салу планшеттер және итернет желісі арқылы онлайн режімде өтеді. Планшетте санақ парақтарын толтыру кезінде шифрланған күйде сақталатын контейнер қалыптасады және деректерді Ұлттық статистика бюросының серверлеріне МОБТЖ(мемлекеттік органдардың бірыңғай транспорттық жүйесі) бойынша қорғалған каналдар арқылы жолданады.
Халық санағын өткізу кезінде уақытша жұмысқа Қазақстанның 18 жастан асқан бастамашыл, жауапты, тіл табысқыш, дербес компьютерде жұмыс істеу дағдысы бар азаматтар жұмылдырылады. Олардың жұмыс өтіліне және кәсіби біліміне талаптар қойылмайды. Сондай-ақ санақ жүргізетін ұйыммен өтеулі қызмет көрсету шарттары жасалынатын болады.
Ұлттық халық санағын өткізу туралы іс-шаралар жоспарына сәйкес, жергілікті атқарушы органдарға міндеттер жүктелген.
Қазақстандағы ұлттық халық санағын өткізуге жәрдемдесу жөніндегі комиссиялар әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесін және шекараларын нақтылау, көше атауларын, орам, үй және пәтер нөмірлерін ретке келтіру бойынша іс-шаралар өткізу, тұратын халық санын нақтылау бойынша жұмыстарды жүргізу, картографиалық материалдарды (елді мекендердің карталарын және схемалық жоспарларын) дайындауда назардан тыс қалмайды. Сонымен қатар тұрғындар арасында халық санағын өткізу мақсаттары мен тәртібі туралы жаппай түсіндіру жұмыстарын да жүргізеді. Санақ персоналдарын үй-жайлармен (кабинеттермен) қамтамасыз ету мәселесін де ескереді. Сондай-ақ халық санағын өткізу барысында статистика басқармаларына жәрдемдесу көзделіп отыр.
Санақ нәтижесі экономикалық және бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және дамыту үшін қажет,яғни құрылыс және баспаналарды бөлу, демографиялық және көші-қон процестері, білім, денсаулық сақтау салаларында және жұмыс орындарын құру бағдармаларын дамытуға көмектеседі. Халық санағы жұмыс орындары туралы, ал бизнес үшін маңызды және нақты соңғы тұтынушы туралы толық сипаттама береді. Халық санағына қатысқан әрбір азамат мемелекеттің әулеметтік бағдамаларын жоспарлауға және әзірлеуге салмақты үлес қосады.
Н.ЕСЕЛБАЙ,
Ескелді ауданының статистика басқармасының басшысы.