Ауданда «Мобильды ауыл» жобасы іске қосылды

Мемлекет басшысы Қосым-Жомарт Кемеұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Алматы облысында «Мобильды ауыл» жобасы іске қосылды.

Жобаның басты мақсаты тұрғындар мен мемлекеттік мекеме басшылары арасында тікелей байланыс орнату, туындаған сұрақтары мен мәселелеріне уақытылы шешім табу.

«Мобильды ауыл» жобасы аясында Ескелді ауданына қарасты 11 ауылдық округте «WhatsApp» мессенджерінде арнайы топ ашылды. Топ құрамында ауылдық округ әкімі және мамандары, учаскелік полиция қызметкерлері, амбулатория мамандары, қоғамдық ұйым төрағалары және ауыл тұрғындары кірді.

Тұрғындар арасында «WhatsApp» мессенджеріндегі «Мобильды ауыл» тобына қосылатын азаматтар болса, тұрғылықты ауылдық округіне тікелей жүгінуге болатының хабарлаймыз.

Аудандық ішкі саясат бөлімі.