Үздік педагог-2021

Ағымдағы жылдың 26 ақпан күні аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес кәсіби деңгейі жоғары,шығармашылықпен жұмыс істейтін, жаңашыл авторлық идеясы бар, ғылыми-әдістемелік шеберлігі қалыптасқан ұстазды анықтау мақсатында «Үздік педагог-2021» байқауы онлайн режимінде өткізілді.

Сырттай өткен бірінші кезеңінде педагогтердің электронды портфолиосы сарапқа салынса, екінші кезеңінде жұмыс жүйесінің моделі таныстырылды.

Байқау қорытындысы бойынша негізгі мектептер арасында жүлделі 2-орынды Мелькомбинат негізгі мектебінің мұғалімі Б.Оспанова, 1-орынды Жастар негізгі орта мектебінің мұғалімі Г.Декембаева, орта мектептер арасында 3-орынды Қаблиса жырау атындағы орта мектебінің мұғалімі А.Тусупова, 2-орынды Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясының мұғалімі М.Жылқыбаева иеленді.

Бірінші орынды жеңіп алған М.Байысов атындағы орта мектебінің мұғалімі Г.Миралиева облыстық кезеңге жолдама алды.

Ескелді ауданының білім бөлімі