ЖҮЙРІКТЕН ЖҮЙРІК ОЗАР ЖАРЫСҚАНДА

Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында Әбіш шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру мақсатында Әбіш Кекілбаев оқулары өтті.

Облыстық оқуларға ауданымыздың атынан қатысқан М.Байысов атындағы орта мектебінің оқушылары (жетекшісі — қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі К.Шаріпқұлова) «Сахналық қойылым» номинациясы бойынша жүлделі 2-орынды иеленді.

Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы номинациясына қатысқан Қарабұлақ орта мектебінің оқушысы Г.Меркібай (жетекшісі — қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Қалиолданова) 1-орынды иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды.

Жеңімпаздарымыз бен олардың ұстаздарына шығармашылық табыстар тілейміз.

Ескелді ауданының білім бөлімі.