СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ІС-ҚИМЫЛ ӘРБІР АДАМЗАТТЫҢ

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектебімізде «Адал ұрпақ» клубының жоспары құрылып, 8-11 сынып аралығында мүшелері сайланды. Оларға онлайн түрінде мақсат-міндеттері таныстырылды. Жоспар бойынша «Парасатты азамат» бұрышы шығарылып, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы, сенім телефоны орнатылып, өз жұмысын атқаруда. Ата-аналар жиналысында мектеп ұжымы мен қызметкерлеріне құқықтық тәрбиелеуде және құқық бұзушылықтарға, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу керектігі түсіндірілді. Оқушылар арасында «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбында сурет көрмесі өтсе, 10 сыныпта «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында сынып сағаты, мектептің жоғары сынып оқушыларына «Жемқорлық – коғамның жегі құрты» тақырыбында пікірталас, мектептің ұстаздары мен қызметкерлеріне блиц-сауалнама онлайн түрінде жүргізілді. Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы болсын десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу – әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі мұғалім кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларды халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойында ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілділік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан-дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге тиіс.

Халқымызда «Жас кезінде білім берсең қалайда, өсе келе қолы жетер талайға», деген даналық сөз бар. Бала болашағы бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, халықтың, тұтас бір ұлттың бүгінін ертеңімен жалғайтын алтын көпір, асыл мұраты. Сондықтан ұстаз алдындағы әр шәкірт, ата-ананың ғана емес, туған елінің ертеңгі арқасүйер азаматы – адал ұрпағы, өз ұлтының туын көтерер перзенті екенін ұмытпайық.

А. ЖЕКСЕНБИНОВА,

Қарабұлақ орта мектебінің клуб жетекшісі.