ӨНЕРЛІ ӨРГЕ ЖҮЗЕР

Қаңтар айында аудан бойынша «Мейірімділік жасауға асығыңыз» атты республикалық балалар сурет байқауының аудандық кезеңі өткізілді.

Аталған іс-шара қазіргі қоғамның үйлесімді дамыған тұлғасын тәрбиелеп, балаларда адамгершілік, рухани құндылықтарды қалыптастыру, қоршаған әлемге жақсы сезімдер көрінісінің маңыздылығын сезіну, республикалық ауқымдағы шығармашылық жобаларға қатысу арқылы жалпыадамзаттық құндылықтар: махаббат, мейірімділік туралы білімді қалыптастыру мақсатында өткізділі.

Аудан бойынша байқауға 27 мектептен 50 оқушы қатысты. Оның ішінде Н.Алдабергенов атындағы орта мектебінің 5-сынып оқушысы Голущенко Варвара, Көктөбе орталау мектебінің 7-сынып оқушысы Нұрмұхан Бақжан, Титов атындағы орта мектебінің 4-сынып оқушысы Оралхан Баянның жұмыстары алға шығып, облыстық кезеңге өтті. Аудандық кезеңде қатысқан барлық оқушылар жақын арада мақтау қағаздарымен марапатталады.

Облыстық кезеңде Титов атындағы орта мектебінің 4 сынып оқушысы Оралхан Баянның жұмысы үздік деп танылып, 1 орынға ие болды. Жас суретші республикалық кезеңге өтті. Талантты, дүниеге деген жарқын көзқарасы, өзгеше стилі бар оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылықтарын шыңдап, әрі қарай талай жетістіктерге қол жеткізетіндеріне мол сенім білдіреміз.

Ескелді ауданының білім бөлімі.