АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Аудан прокуратурасымен 2020 жылдың өткен мерзімінде Ұйғыр АПБ мал ұрлығына қатысты 32 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген.
Ауданымыз ауыл шаруашылығының қай түрін болса да дамытуға ыңғайлы. Түгін тартсаң майы шығады дейтіндей құнарлы топырағы, қолайлы ауа райы бар берекелі жер.
Алайда, маңдай терін төгіп, жатпай-тұрмай тірнектеп жинаған, өсірген малын қорадан да,
өрістен де ұрылардың қанжығасында кеткеніне күйініп, сол үшін құқық қорғау органдарының жұмысына өкпесі қара қазандай болып қапаланып жүрген ел де аз емес. Сонымен қатар, ұрылар жылқыны үйірімен, ұсақ малды табынымен айдап кетуден қаймықпайды.
Аудан прокуратурасы тұрғындардың назарына өздеріне тиесілі малдарын қараусыз қалдырып, иесіз жібермеуін және тиісті құжаттарсыз тасымалдамауын қайта ескертеміз.
Сонымен қатар, аудан тұрғындарының арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары кеңінен
ұйымдастырылып, мал базары және мал сою орындарын иелеріне заң талаптары түсіндірілуде.
Осыған орай, малды жайылымда қараусыз қалдырмауға, жалдамалы түрде бақташымен немесе кезекпен бағу қажеттілігін ұсынамыз.
«Бірлік болмай тірлік болмас» деген ұлы сөзді айта отырып, бірлескен іс-шаралар арқылы ғана қылмыспен күресуде оң жетістіктерге жетуге болатынын түсіндіреміз.

Нұрлан БИЛИБЕКОВ,
Ескелді ауданы прокуратурасының
прокуроры.