Математика, физика пәндері мұғалімдері онлайн режимінде

Өткен аптада Ескелді ауданының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен математика, физика пәндері мұғалімдерімен онлайн режимінде семинар өткізілді.
Іс-шара барысында Балпық би орта мектебінің математика пәні мұғалімі Әділхан Тілеужан «Оқушылардың математикалық және оқу сауаттылығын, креативті ойлауын дамыту» және Н.Алдабергенов атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Шумакова Светлана Геннадьевна «Формирование функциональной грамотности на уроках физики через задания PISA» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, онлайн мектеп платформасындағы Twig.bilim, I-test, Pisa қосымшаларымен ҰБТ-ке дайындаудың тиімділігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ескелді ауданының білім бөлімі