Сіздерді қазақстандықтардың ең ұлы, əрі қастерлі мерекесі – Тəуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – біздің Отанымыздың əрбір азаматы үшін қасиетті мереке. Тəуелсіздік күні – ғасырлар бойы азаттық аңсаған халқымыздың өшкені жанып, асқақ арманы орындалған күн. 29 жыл ішінде ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз толағай табыстарға жетті. Қоғамдағы тұрақтылық пен өзара түсіністік, зор жауапкершілікпен жүзеге асырылған сыртқы саясат республикамыздың ғаламдық деңгейдегі беделін өсірді. Бүгінгі күні Қазақстан – кемелденген, қуатты мемлекетке, қазақстандықтар – тарихы біте қайнасқан, тағдыры ортақ тұтас халыққа айналды. Осының бəріне – Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың көреген саясаты мен халықтың жасампаз еңбегінің арқасында қол жеткіздік.
Тарихи міндет ел мен оның халқының ұлылығын жаңғыртуға қабілетті шынайы халық көшбасшыларын туғызады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың жəне қазақстандықтардың бірлігінің арқасында азаттыққа, егемендікке, азаматтық татулық пен келісімге деген ұмтылысымыз шынайы өмірге айналды. Тəуелсіздік жылдары біз берік іргетас – сенімді экономикалық негізді, тиімді демократиялық саяси жəне азаматтық құрылымды, мықты əлеуметтік базаны қалыптастырдық. Бүгінде біз өз жетістіктерімізді одан əрі арттырудамыз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының – ортақ болашағымызды құру жəне қалыптастыру көзделген стратегиялық бағытының сабақтастығын – өркендеп дамыған жəне халық үніне құлақ асатын мемлекет құру деген нақты жəне түсінікті тетігін белгілеп берді.
Еліміздің Тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі, қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды. Сондықтан бұл күн жас мемлекетіміз үшін біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, Отанымыз – Қазақстанға деген құрметтеу сезімін әкелетін мереке күні алға тағы да берік сеніммен қарап, болашақтың бейбіт өмірі үшін іс-әрекетті жалғастыруымыз керек.
Қоғамдық өмір сабақтары мен Отанымыздың мүддесі қазіргі таңда патриоттық дәстүрге сай жаңа талаптарды қойып отыр. Ата-бабаларымыздың алдында Тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр. Сол мақсатты орындау жолында аянбай күш-жігер жұмсау, басты борыш екенін естен шығармайық дегім келеді.
Алматы облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Ернар Мақажанов