Заңды тұлғалар үшін алынатын анықтамалар тез, әрі жылдам !

Сіз заңды тұлғасыз ба?

Онда бүгін біз заңды тұлғаларға анықтама алудын бірнеше жолын айтып береміз.

1️⃣ Egov.kz порталы арқылы:

Порталға кіріңіз, «Бизнес» бөліміне өтіңіз, тізімнен қажетті қызметті таңдаңыз;

Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;

БСН еңгізіп, көрсетілген өтінішті толтырыңыз;

Қызметті ЭСҚ немесе бір реттік парольмен алуға болады;

Өтініштің өңделуің жеке кабинетте көре аласыз.

2.Телеграмдағы EgovKzBot2.0 ботына өтіңіз;

Қызмет мәзірінен «Заңды тұлғалар, филиалдар, өкілдіктер туралы ақпарат» бөлімін таңдаңыз;

Көрсетілген қызметтер тізімінен, сізге қандай анықтама керек екенін көрсетіңіз;

Кейін, бот сізден БСН-ді енгізуіңізді сұрайды;

Барлық деректерді енгізгеннен кейін сіздің өтінішіңіздің нөмірін және көрсетілген қызметтің мәртебесін бірден көрсетеді. Қызмет көрсету мерзімі; сұрау салу жіберілген сәттен бастап 15 минут ішінде Қызметтерді онлайн алыныз, уақытыңызды үнемденіз!