ДЕПУТАТ ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында депутаттармен жүздесу кезінде сенатор Парламентте атқарылып жатқан жұмыстармен көпшілікті хабардар етті. Сонымен қатар Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» мен жаңа «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын басшылыққа ала отырып, аудан көлемінде атқарылып жатқан істерге мән берді. Соның ішінде «7-20-25» бағдарламасына ерекше тоқталды. Облыста үлкен мәселе тудырып отырған қант қызылшасын да сөз етті. Болашақта қант зауытын іске қосу керектігінің маңыздылығын алға тартты. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Ә.Тайжанов жеке кәсіптерін жүргізіп отырған кәсіпкерлердің жұмысындағы қиындықтарды шешу жолдарын талқылады.

Кездесу соңында Елбасымыздың көреген саясатының арқасында еліміз түрлі қиындықтарды еңсеріп келе жатқанын да айтты. Жиынды жүргізіп отырған аудан әкімі Б.Тәнекенов халық қалаулысы Н.Қылышбаевқа көптің атынан алғыс білдірді. Депутат ары қарай өңірді аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысатынын мәлімдеді.

Зейнегүл ЖҰМАБЕКОВА,

«Жетісу шұғыласы».