«Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Алматы облысы көлемінде дәрілік қоймаларға мониторинг жүргізуде

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия кезінде негізгі дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдардың азаймайтын қорын қалыптастыруды тапсырды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, Денсаулық сақтау министрлігі мен «СҚ-Фармация» бірлесіп дәрілік қоймалардың жеткіліктілігіне мониторинг жүргізуде.

Осыған байланысты пандемияның екінші толқынына дайындықты мониторингтеу мақсатында «Жетісу-адалдық аланы» жобалық кеңсе менеджерлері мен арнайы мониторингтік топ мүшелерімен бірлесіп, LIDER KZ қоғамдық бірлестігі және БАҚ өкілдерімен Талдықорған қаласының аумағында дәрілік қоймалардың мониторингі жүргізілді. Мониторинг барысында «Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері «СК-Фармация» дәрілік қоймаларының және Талдықорған қаласындағы «МЕДИН» ЖШС филиалының пандемияның екінші толқынына дайындығына мониторинг жүргізді.

Бүгінгі таңда өңірде «СК-Фармация» бірыңғай дистрибьюторы арқылы 71 медициналық ұйым қамтамасыз етіледі. Тауарды олардың мекен-жайына жөнелту Талдықорған қаласындағы операциялық қоймадан жүзеге асырылады. Дәрілік заттар Облыстың операциялық қоймасына Қарасай ауданының Абай кентінде орналасқан жалғыз дестрибьютер хабынан келіп түседі. Апта сайын хабтан қызмет көрсету өңірлеріне мамандандырылған көлік жіберіледі, қажет болған жағдайда шұғыл жеткізу жүзеге асырылады.

Covid-2019 емдеуге арналған аса сұранысқа ие препараттар цефтриаксон, ксарелто, дексаметазон, амоксициллин, фуросемид, парацетамол және т.б. ЖШС жеткізетін дәрілік заттардың бар-жоғына арнайы мониторинг топ мүшелері мониторинг жүргізу барысында көз жеткізді.

Мониторингтік топтың ақпараты бойынша, 2020 жылға Алматы облысының 71 тапсырыс берушілерімен жалпы сомасы 11,19 млрд.теңгеге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізуге стационарлық көмек шеңберінде 889 сатып алу шарты жасалды, оның 10,22 млрд. теңге сомасына тиелді.

Күзгі-қысқы кезеңде Кви ауруын көтеруге дайындық мақсатында бірыңғай дистрибьютор COVID-19 бойынша дәрілік заттардың екі айлық қорын қалыптастырды.

Бірыңғай дистрибьютор COVID-19 ауруы бойынша уәкілетті органның болжамы негізінде 8,2 млрд.теңге сомасына дәрілік заттардың 44 атауы бойынша сатып алу рәсімдерін жүзеге асырады.

«Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесі