ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ БАҚ ӨКІЛДЕРІН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖАҢА ЗАҢНАМА ӨЗГЕРІСТЕРІМЕН ТАНЫСТЫРДЫ

Бүгін Jetysu медиа орталығында СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЗАҢНАМАЛЫҚ НОВЕЛЛАЛАР тақырыбында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департамент басшысы Ернар Мақажановтың қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг аясында Ернар Мақажанов 6 қазанда Мемлекет басшысы қол қойған, Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі әзірлеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заңға енгізілген ұсыныстар бойынша баяндады.

Департамент басшысы Ернар Мақажанов атап өткендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттік қызметінің маңызды және өзекті бағыттарының және сыбайлас жемқорлықты жоюдың негізгі тетіктерінің бірі болып табылады. Бұл жұмыстың нәтижесі 6 қазанда Мемлекет басшысы қол қойған, Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі әзірлеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заң болды.

Осы Заң аясында 3 кодекс пен 10 заңға түзетулер енгізілді. (ҚР Азаматтық Кодексі, ҚР Қылмыстық кодексі, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі, «Тұрғын үй қатынастары туралы «ҚРЗ,» Ұлттық қор және мұрағаттар туралы «ҚРЗ, «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» ҚРЗ, «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚРЗ, «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚРЗ, «Ұлттық қауіпсіздік туралы» ҚРЗ, «Арнаулы мемлекеттік органдар туралы» ҚРЗ, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚРЗ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»ҚРЗ,» ҚР мемлекеттік қызметі туралы»

Осы Заң а. ж. 16 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді.

Заң Мемлекет басшысының жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың арандатушылық әрекеттері үшін қатаң жауапкершілік белгілеу туралы тапсырмасын іске асыруға бағытталған.

Заң түзетулерінің бірінші блогы өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдар үшін сыйлықтарға, материалдық сыйақыға, егер мұндай іс-әрекеттер қызметтік өкілеттіктерге кіретін болса немесе лауазымдық жағдайына байланысты оларға ықпал ете алатын болса, олардың іс-әрекеттері үшін сыйға тартушылардың пайдасына ұсынылатын қызметтерге толық тыйым салуды белгілейді.

Сыйға тартушының пайдасына жасаған әрекеттері үшін сыйлықтар беруге тыйым салынған адамдар тобын депутаттар, судьялар, саяси қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік қызметшілері, квазимемлекеттік сектор басшылары және олардың отбасы мүшелері кеңейтті.

Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама квазимемлекеттік сектор субъектілерінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын жобаларды сатып алу және іске асыру бойынша негізгі шешімдер қабылдайтын тұлғаларға таратылды. Енді бұл шеңбер айтарлықтай кеңейтілді және бұл үлкен жетістік. Яғни, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді толық көлемде қабылдайтын болады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасалған жағдайда неғұрлым елеулі жауапкершілікке ие болады. Бұрын мұндай нормалар квазимемлекеттік компаниялардың бірінші басшыларына ғана қатысты болатын.

Сондай-ақ, заңда туыстардың бір ұйымдағы бірлескен жұмысының жекелеген мәселелерін реттеуге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабардар етуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің тұрғын үй төлемдеріне, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде комплаенс-қызметтер құруға бағытталған нормалар көзделген.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті

РУКОВОДИТЕЛЬ ДЕПАРТАМЕНТА ОЗНАКОМИЛ ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ СМИ О ПОСЛЕДНИХ ИЗМЕНЕНИЯХ В ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВЕ ПО ВОПРОСАМ ПРОТИВОДЕЙСТВИЯ КОРРУПЦИИ

Сегодня на площадке Jetysu медиа с участием руководителяьДепартамента Агентства РК по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы) по Алматинской области Макажанова Ернара состоялся брифинг на тему: ЗАКОНОДАТЕЛЬНЫЕ НОВЕЛЛЫ ПО ВОПРОСАМ ПРОТИВОДЕЙСТВИЯ КОРРУПЦИИ.

В рамках брифинга Ернар Макажанов рассказал журналистам о подписанном 6 октября Главой государства Законе по вопросам противодействия коррупции, разработанный Агентством во исполнение Плана законопроектных работ Правительства на 2020 год.

Как отметил руководитель Департамента Ернар Макажанов: «Совершенствование антикоррупционного законодательства является одним из важных и актуальных направлений деятельности Агентства и выступает одним из основных механизмов искоренения коррупции. Результатом этой работы стал подписанный 6 октября Главой государства Закон по вопросам противодействия коррупции, разработанный Агентством во исполнение Плана законопроектных работ Правительства на 2020 год».

Законом внесены поправки в 3 кодекса и 10 законов. Данный закон введен в действие с 16 октября т.г.

Закон направлен на реализацию поручения Главы государства об установлении строгой ответственности за провокационные действия должностных лиц, осуществляющих оперативно-розыскную деятельность или досудебное расследование.

ПЕРВЫЙ БЛОК поправок Закона устанавливает для госслужащих и иных лиц, принявших на себя антикоррупционные ограничения, полный запрет на подарки, материальное вознаграждение, услуги, предоставляемые за их действия в пользу дарителей, если такие действия входят в служебные полномочия или в силу должностного положения могут способствовать им.

Круг лиц, которым запрещено дарить подарки за действия в пользу дарителя, расширен депутатами, судьями, политическими служащими, госслужащими корпуса «А», управленцами квазигосударственного сектора и членами их семей.

Справочно: под членами семьи лица, лиц, принимающих на себя антикоррупционные ограничения, понимаются его супруг (супруга), родители, дети, в том числе совершеннолетние, и лица, находящиеся на иждивении и постоянно проживающие с ним.

В соответствии с Законом антикоррупционное законодательство распространено на лиц, принимающих в субъектах квазигосударственного сектора ключевые решения по закупкам и реализации проектов, финансируемых из государственного бюджета. Теперь этот круг существенно расширен и это является большим прогрессом. То есть они в полном объеме будут принимать на себя антикоррупционные ограничения, а также будут нести более серьезную ответственность в случае совершения коррупционных правонарушений. Прежде такие нормы распространялись только на первых руководителей квазигосударственных компаний.

Также Законом предусмотрены нормы, направленные на урегулирование отдельных вопросов совместной работы родственников в одной организации, информирования о коррупционных правонарушениях, жилищных выплат сотрудников антикоррупционной службы, создания комплаенс-служб в субъектах квазигосударственного сектора и другие.

Департамент Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции по Алматинской области