ҰСТАЗ БОЛУ — ЖҮРЕКТІҢ БАТЫРЛЫҒЫ

Қазан айында аталып өтетін мерекелер ішіндегі ең ұлығы да, ұлағаттысы
да – ұстаздар күні. Осынау ерекше күнді ескеріп, мереке қарсаңында аудандық Мәдениет үйінде «Ұстаз болу – жүректің батырлығы» атты кішігірім іс-шара өтті.

Салтанатты кештің алғашқы құттықтау сөзін аудан әкімі Рауан Рақымбеков алып, ардақты ұстаздар қауымын мейрамдарымен құттықтап, толайым табыстар тіледі. Сонымен қатар, білім саласында үздік қызмет етіп жүрген бірқатар ұстаздар қауымына алғыс хат пен гүл шоқтарын табыстады.

Салтанатты кеш жылдағыдан ерекше өтті. Ұстаздар қауымы барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, ән мен жырға, әдемі тілек пен ізгі ниетке толы бұл мерекелік кешті бетпердемен тамашалады. Соған қарамастан, мерекелік шара жоғары деңгейде өтіп, ұстаздардың көңілінен шықты.
Ақбота ОРАЛБЕКОВА.