ТІЛСІЗ ЖАУДАН АБАЙ БОЛАЙЫҚ

Адам өмірін және дүние-мүлікті өрттен сақтау – әрбір азаматтың борышы. Ата-бабаларымыз «жеті жұттың» біріне санаған өрт апатын тілсіз жау деуге тұрарлық.

Қазіргі кезде елді мекендерде ескі қоқыстар мен шөп қалдықтарын, егіс жинау кезінде, жер айдау алдында сабан қалдықтарын өртегенде отты бақылаусыз қалдыруға болмайды. Негізі кез келген жерде ашық от пайдалануға қатаң тыйым салынады. Шаруашылықтар мен үйлердің жазғы мал қоралары елдімекендердің шалғай орналасуына байланысты өрт бола
қалған жағдайда оны сөндіретін өрт автокөліктері тез арада бара алмайды.

Сонымен қатар, күнделікті тіршілігімізде де өрт шығып жататын кездер болады. Қайғылы
жағдайға ұшырап жататынымыз өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтамағандықтан жиі болады. Оның қарапайым мысалы – демалыс күндерінде монша жағу. Моншаға от жаққанда
оны қараусыз қалдыру, ошақ алдындағы өртке қауіпті қалдықтарды тастап, болмаса басқа
жұмыстармен айналысып кету өзімізге зиян келтіреді.

Орман, тоғайлы жердегі өрттердің шығуы да адамдардың қатысы жоғары. Өрттің шығуының
көп себептері орманды жерлерде кейбір азаматтар өз еркінше от жағады да оны өшірмей
кетеді. Дала өрті қоғамымызға әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге белгілі бір дәрежеде нұқсан келтіреді. Өйткені, дала өртіне мал жайылымдары, шабындықтар, желге қалқан болатын, табиғатқа көрік беретін әсем ағаштар мен өсімдіктер, онда мекендейтін жануарлар ұшырайды. Табиғат байлығын қорғауда орман шаруашылығы мекемесі қызметінің маңызы зор.

Құрметті аудан тұрғындары! Өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, өртті болдырмауды және оның алдын алу жағдайларын қарастырып, баршамыз тілсіз жаудан аман болайық.
Е. ТӨЛЕНДИНОВ,
Ескелді ауданының ТЖБ инженері, азаматтық қорғау
кіші лейтенанты.