ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНДА СЕРВИСТІК ӘКІМДІК АШЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Алматы облысы әкімінің қолдауымен әр ауданда сервистік әкімшілік ашылуда. Осы орайда халыққа тиімді, әрі жылдам қызмет көрсететін әкімшілік Ескелді ауданының орталығында ашылды.

Кез кезген қызмет түрін тез арада жүзеге асыратын сервистік әкімшілікте 5 бөлім халық сұранысын жүзеге асырады. Бұл орталықта ​ 7 маман халыққа 38 қызмет түрін көрсетеді. Орталықтың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев арнайы келді. Ол өз сөзінде мұндай әкімшіліктер Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін сапалы жүзеге асыруға оң ықпалын тигізетінін айтып өтті. Алматы облысында осындай 14 Сервистік әкімшіліктер ашылған болатын, осы жылдың соңына дейін қалған 6 ашылуы жоспарлануда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасы.