АБАЙ АМАНАТЫ – ӘР ҚАЗАҚТЫҢ МОЙНЫНДА

Ертеде бір данышпан «Жақсы әфсанасыз ұлы халық болмайды» депті. Қазақ халқы әфсанасының көмбесі – Абай мен оның мұрасы. Ұлтымыздың ұлы тұлғасы, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының ойы мен сөзі, өнегесі, мұрасы қай уақытта болмасын құнды. Данышпанымыздың ой идеясы ол өмір сүрген заманда емес, бүгінгі уақытта өте қажет. Бүгін жарық көрген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Абай аманаты» мақаласы соның дәлелі болса керек.

«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек» деп ақынның өзі айтқандай, сарабдал саясатымен әлемді мойындатқан Елбасының Абайға деген құрметі, ықылас-ілтипаты зор. Оның өмірлік жолының дұрыс қалыптасуына Абайдың дара жолы мен ілімі ықпал етті. Ұлы ақынның Алаш баласына өсиет еткен «Талапты ерге нұр жауар», «Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел», «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп», «Кемел адам» ұғымындарын мұра тұтқаны Елбасының ой-қорытындысынан байқалады.

«Қалың елі, қазағына» табысталған аманатты Елбасы орындады деп айтуымызға толық негіз бар. Сонымен қатар, Абай ұрпаққа жүктеген ар ілімін, асыл аманаты әр қазаққа мұра болып қалды.

Зейнегүл ЖҰМАБЕКОВА